СҚО-да 2 жасар сәби терезеден құлап көз жұмды

СҚО-да 2 жасар сәби терезеден құлап көз жұмды

СҚО-да 2 жасар сәби терезеден құлап көз жұмды
ашық дереккөзі
315
Новоишимка елді мекенінде 2 жасар сәби көп қабатты үйдің терезесінен құлап, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға бүгін, түскі сағат 12:15-те Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Новоишимка елдімекенінде болған. Осындағы Локомотивная көшесіндегі 5 қабатты үйдің 4-қабатында орналасқан пәтердің терезесінен абайсызда москит торын итеріп, 2 жасар қыз құлап кетті. Шұғыл аудандық орталық ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер сәбидің өмірін сақтап қала алмады. СҚО-да жыл басынан 3 бала абайсызда терезеден құлап, мерт болды.

Серіктес жаңалықтары