27 жастағы қостанайлық телемұнарадан секірмек болды

27 жастағы қостанайлық телемұнарадан секірмек болды

27 жастағы қостанайлық телемұнарадан секірмек болды
ашық дереккөзі
287
Қостанай облысының Денисов ауданында ер адам өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақпаратты облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов растады. Оқиға кезінде департамент мамандары тәртіп сақшыларына көмекке келген. «Денисов ауылындағы телемұнарадан 1992 жылы туған ер адам түсірілді. Оның мас күйінде болғаны анықталды. Құтқару жұмыстарына полицейлер мен ТЖД қызметкерлері қатысты. Суицидтің алды алынды. Оны тергеп-тексеруге негіз жоқ», - деді У.Досанов. Құтқару орнына ТЖД-ның бес қызметкері аттандырылды. Ер адам бірден үйіне жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары