312
Ақмола және Қостанай облыстарында бұршақ жауып, тұман түседі
Ақмола және Қостанай облыстарында бұршақ жауып, тұман түседі

Ақмола және Қостанай облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
16 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік бағыттан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Түнде және таңертең кей жерлерге тұман түседі. 16 тамыз түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлеріне тұман түсуі мүмкін.