Кремль аумағынан бомба табылды

Кремль аумағынан бомба табылды

Кремль аумағынан бомба табылды
ашық дереккөзі
Мәскеуде Кремль аумағындағы «мұз жертөледен» Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған бомба табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Үлкен Кремль саябағында жұмыс істеп жатқан археологтар өз істерін тоқтатуына тура келді. Қазір бомба залалсыздандырылды. «Авиация бомбасы табылды. Ұлы Отан соғысынан қалған болуы керек. Біршама тереңде, жер астында жатқандықтан снаряд жарылмаған», - дейді Кремльдің коменданты Сергей Хлебников. Оның айтуынша, бомбаны Кремль аумағынан алып кеткен.