Токио Олимпиадасы: Алтынға басты үміткерлер аталды

Токио Олимпиадасы: Алтынға басты үміткерлер аталды

Токио Олимпиадасы: Алтынға басты үміткерлер аталды
ашық дереккөзі
Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сәпиев ХХХІІ Жазғы Токио Олимпиадасында қазақстандық спортшылардан болжам бойынша 10 медаль күтіліп отырғанын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Олимпиада ойындарына дайындық жоспар бойынша жүріп жатыр. Қазіргі таңда спорттың 6 түрі бойынша 10 лицензия қолда бар. Комитетке біздің ұлттық құрамаларды дайындау бойынша тапсырма беріп жатырмыз. Барлық лицензиялық сайыстар жоспарда. Риодағы Олимпиада деңгейіндегідей жетістікті төмендетпеуіміз керек. Менің ойымша, Қазақстанның спортшылары 10 медаль алады. Үшеуі алтын болса деген мақсат бар. Алтын алатындардың қатарына - Дмитрий Баландин, Елдос Сметов пен Ольга Рыпакованы жатқызар едім», - деді ол. Айта кетсек, бұған дейін Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова 2020 жылы Токиода өтетін 32-ші Жазғы Олимпиада ойындарына дайындық қалай жүріп жатқанын жеткізген болатын. Оның айтуынша, лицензия таратылар алда 50 ірі спорттық сайыс бар. Еске салар болсақ, Қазақстан құрамасы Рио-де-Жанейрода өткен XXХI Олимпиада ойындарында 3 алтын, 5 күміс және 9 қола медаль иеленген болатын. Қазіргі уақытта жеңіл атлетикадан Георгий Шейко мен Ольга Рыпаковада, велошосседен Евгений Гидичте, жүзуден Дмитрий Баландинде (екеу), ашық суда жүзуден Виталий Худяковта, садақпен атудан Санжар Мұсаевта, Денис Ганкин мен Рифат Абдуллинде Олимпиада ойындарының лицензиясы бар.