Алматыда сел қаупі бар

Алматыда сел қаупі бар

Алматыда сел қаупі бар
ашық дереккөзі
Алматының Наурызбай ауданына Қарғалы өзенінде сел жүру қаупі төніп тұрғандықтан дабыл жарияланды. «Қарғалы өзені ағатын Наурызбай ауданында сел жүру қаупі бар, себебі судың деңгейі күрт төмендеген және бөгетті кез келген сәтте бұзып кетуі мүмкін. Мүмкіндігінше құжаттарыңызды алып, қалаға қарай кетіңіздер. Бөгет бұзылмауы да мүмкін, алайда қауіптің ықтималдығы жоғары», - деп түсіндірді 112 нөмірінен. «2019 жылдың 14 тамызында Наурызбай ауданында шағын көлемде сел шығару жүргізілді. Тұрғындарға ескертіп үлгердік. Энергетика қызметіне жарықты, газды өшіру туралы команда берілді. Ескертеміз, тұрғындарды көшіреміз. Алматы қалалық ТЖД Әуезов және Алатау аудандарында Қарғалы өзенінің төменгі жағында тұратын тұрғындарға ескерту жасап жатыр», - деп түсіндірді Алматы ТЖД-дан. Алматыда сел жүру қаупіне байланысты Наурызбай ауданында эвакуациялау пункттері белгіленді. «Эвакуациялау пункттері: 1. Ескі әкімшілік (Жандосов-Рысқұлов). 2. Шахмерденов атындағы 175 мектеп. 3. 158 мектеп. (Жандосов – Ясауи қиылысы)», - делінген Алматы әкімдігі таратқан хабарламада. ТЖД соңғы уақыттарда мұздық көлдері суының ағызылуы туралы ақпарат берді. Сел қаупі туындаған көлдің суы 77 мың текше метрден 26 мың текше метрге дейін азайтылды. «2015 жылы бұл плотинадан 30 мың текше метр су өткен. Бөгеттің жобалық қуаты 1,2 млн текше метр. Бұл жерге 600 мың текше метр су жетеді. Апаттық жағдайда секундына 10 текше метр су жіберіледі. Өзеннің арнасы 20 мың текше метрге есептеліп, бетондалған», - деді ТЖД өкілдері. Бүгін Алматыда Наурызбай ауданында аз мөлшерде сел жүрді.