Театр директоры 20 тәулікке қамалды

Театр директоры 20 тәулікке қамалды

Театр директоры 20 тәулікке қамалды
ашық дереккөзі
291
Орал қаласында Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық драма театрының директоры Қуаныш Амандықовқа қатысты сот отырысы өтті. Биылғы жылдың 16 шілдесінде сағат 20.00 шамасында Қ.Амандықов жүргізіп келе жатқан Porsche Cayenne автокөлігі Renault және Toyota маркалы көліктермен соқтығысқан. Медициналық сараптама қорытындысы театр директорының көлік тізгініне масаң күйде отырғанын анықтаған. Осы заң бұзушылық үшін сот театр жетекшісін  20 тәулікке қамауды ұйғарған.Қ. Амандықов болса, бұл шешіммен келіспейтінін білдіріп, шағым хат жолдағанмен, сот бастапқы шешімін өзгеріссіз қалдырып отыр.

Серіктес жаңалықтары