«Электрондық сенімхат» тренингі

«Электрондық сенімхат» тренингі

«Электрондық сенімхат» тренингі
ашық дереккөзі
Алматы қаласы Алатау аудандық сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен «Электрондық сенімхат» тақырыбында тренинг өткізілді. Іс шара барысында Алатау аудандық сотының судьясы Даурен Айкулов «Сот кабинеті» сервисі шеңберінде, сенімхат сенім білдірушінің электорондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжат нысанында сотқа электронды сенімхат жіберулеріне мүмкіндік беретін «Электродық сенімхат» қызметі әзірленгенін және іске қосылғанын, мұндай жағдайда нотариустың қызметіне жүгіну қажеттілігі болмайтынын нақты ашып көрсетті, сонымен қатар аталған сенімхат бір іске қатысты берілетіндігін, сенім хаттың күші, іс бойынша сот актісі заңды күшіне еніп, сот актісі орындауға берілгенші ғана шектелетіндігін түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, судья Даурен Айкулов «Электрондық сенімхат» қызметінде «Сенім қолданылуын тоқтату» функционалы қарастырылғанын, яғни сенім білдерген тұлға істі қарап жатырған судьяға автоматты түрде электрондық сенімхаттың күшін жою немесе қайтарып алу туралы хабарлай алатынын, сенімхатты рәсімдеу кезінде нотариустың қатыспауына байланысты судьяларға ҚР құқық қорғау және арнайы органдарының ақпарат алмасу жүйесі порталын қолданатынын қосымша айтып өтті. Іс-шара соңында қатысушылыр өзара пікірлерімен алмасып және туындаған сұрақтарға толық жауаптарын алды.