203
Арыстықтар Алматыға келді
Арыстықтар Алматыға келді
Алматы қаласының әкімдігі Арыс қаласының балаларын жазғы демалыспен қамту мақсатында жергілікті бюджеттен 15 миллион теңге қаражат қарастырып, 225 оқушы мен 21 педагогқа Алматы қаласы Оқушылар сарайының "Өрнек" балалар лагерінің базасында демалыс ұйымдастырды.
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазіргі таңда лагерьде 23 шілде күні келген 75 оқушы, 7 педагог демалып жатыр. Келесі 75 оқушы мен 7 педагог 6 тамыз күні келеді деп күтіледі.
29 шілде сағат 17.00 де Арыстан келген бүлдіршіндерге өз еріктерімен көмектесуге шешім қабылдап,әкімшіліктен рұқсат алып, қала басшылығының қолдауымен Арыс қаласынан шыққан өнер жұлдыздары әнші Индира Елемес, әнші сазгер Нұрлан Еспанов және қолдаушы ретінде ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - Арман Дүйсенов қонаққа келеді деп күтілуде.
Кездесу барысында өнер жұлдыздары барлық оқушылар мен ұстаздарға әдемі үлгідегі спорт киімдерін тарту етіп шағын концерт пен бүлдіршіндерді рұхтандыратын, кездесу, фотосессия өткізеді.