Түркістан өнімдері-2019

Түркістан өнімдері-2019

Түркістан өнімдері-2019
ашық дереккөзі
424
2019 жылдың 27 шілде күні алғаш рет Түркістан қаласы «Есім хан» алаңында Түркістан облысының «Түркістан өнімдері-2019» үздік тауарларының көрме-жәрмеңкесі өтті. Көрме-жәрмеңкенің мақсаты – жергілікті тауарөндірушілерді қолдау. Іс шараға Түркістан облысы әкімі орынбасары Мейржан Мырзалиев, Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директоры Дінмұхамед Абсаттаров, Өңірлік кеңес төрағасы Қайнар Абасов және облыстық мәслихат депутаттарымен басқа да өңірлердің кәсіпкерлері де қатысты. Көрме-жәрмеңкеде аймақта өндірілген жүздеген азық-түлік, фармацевтика, машина жасау, химия, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларында облысының 100-ден астам өндірушілері (олардың 80-нен астамы өңірлерден) және екі мыңнан астам Қазақстанның басқа қалаларын да келушілер қатысты. Көрме-жәрмеңкеге алғаш рет көптеген жаңа компаниялар, олардың арасында «ЖК «Хываева» (киімдер), «ЖШС «Қуаныш-Керемет» (Минералды су) «Marai E7 Group» ЖШС (медициналық бұйымдар), «Тағай Ата» ЖШС (Кальциленген тұз өндірісі), «Uly dala gurty» ЖК (құрт өндірісі) және т.б. өз тауарларын ұсында. Осы іс-шарамен қатар «Қазақстанның үздік тауары»  байқау-көрмесі өтті. Ірі компаниялар ғана емес, сондай-ақ шағын және орта бизнес өкілдері де өздерінің өнімдерін көпшілікке ұсынды. Тәуелсіз сарапшылар-аудиторлардың, кәсіпкерлік ассоциациялардың, салалық қоғамдық бірлестіктердің және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдардың өкілдерінен құрылған сараптама комиссиясы экспозицияларын қарастырып, үш номинация бойынша дипломантарды іріктеді: - «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша медициналық бұйымдар шығаратын «Marai E7 Group» ЖШС, Сайрамдық киім тігетін «Алтын адам» компаниясы, жиhаз шығаратын «Азия Бренд» ЖШС ие болды. -«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша «Кентау трансформатор зауыты», «Эластополимет» ЖШС және кірпіш пен жіп шығаратын «ТМстрой21» компаниясы жеңімпаз атанды. -«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша сайрамдық «Dala-Fruit.kz» компаниясы, СПК «Хамит» және «Балмұздақ» компаниялары марапатталды. Қатысушыларды бағалаудың негізгі критерийлері өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі болды. Аталған жеңімпаздар жылдың соңында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесіде қатысу құқығын ие болды. Сонымен қатар, облыстық Кәсіпкерлер палатасы өзінің 6 номинациялармен ең үздік компанияларды таңдады: «Әлеуметтік жауапты бизнес» номинациясы бойынша «Ордабасы құс», «Ең үздік инновациялық жоба»- «Enki Жетісай» ЖК, «Үздік тауарлық қаптама»- «WoodWork Nadir»,  «Жыл бренді»-«Бөрте Милка» компаниясы, «Белсенді кәсіпкер»- «Ордабасы ешкі сүт өнімдері» кооперативіне бұйырды. «Ең үздік әйел-жұмыс беруші» номинациясы бойынша да әйелдер бизнесіне қолдау көрсетіліп, бұл жүлдені «Хываева» тігін фабрикасы жеңіп алды. Келушілерге үшін  түркістандық өндірушілерден түрлі өнімдер, жеңілдіктер, лотерея ұтысы ойнатылып,  концерттік бағдарламаға ұласты.

Серіктес жаңалықтары