172
Елімізде 1 қаңтардан бастап өзгерістер болады
Елімізде 1 қаңтардан бастап өзгерістер болады
Қазақстанда зейнетақы төлеудің жаңа ережесі қолданысқа енгізіледі.
1 қаңтардан бастап жұмыс беруші әрбір қызметкері үшін жалақының 5 проценті көлемінде зейнетақы қорына қосымша төлем жасауға міндетті болады. Бұл 10 проценттік зейнетақы жарналарынан бөлек. Ақшаны жұмыс беруші өз қалтасынан беруі тиіс.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осылайша ай сайын қорға 35 миллиард теңге шамасында ақша түсіп отырады деп болжап отыр. Мұндай өзгерістер алдымыздағы жылдың бірінші қаңтарынан бастап күшіне енбек. Заң 2015 жылы қабылданды. Жүйені 2018 жылы енгізу жоспарланған, алайда ведомство жаңашылдықты келесі жылға қалдыруға шешім қабылдады.
"Ортақ зейнетақы республикалық бюджет есебінен өмір бойына төленеді, оны алуға 98 жылға дейінгі еңбек өтілі бар адамдар құқылы. 80-ші жылдан бері туған адамдарға ол берілмейді, өйткені 98 жылға дейінгі еңбек өтілі жоқ. Тиісінше, қазіргі модернизациялау тұжырымдамасына сәйкес, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өмір бойы төленетін төлемдерін қамтамасыз ету мақсатында оны қосымша шартты-жинақтаушы компоненттермен толықтыруға шешім қабылданды", - деп түсіндірді министрліктің департамент директоры Виктория Шегай.