23 Шілде, 11:46 358 0 Жаһан Túrkistan Gazeti

Фантаст жазушыларды әскерге шақырып жатыр

Франция армиясы технологиялық қауіп-қатердің жаңа түрлеріне болжам жасау үшін фантаст жазушыларды әскерге шақырып жатыр, деп хабарлайды ВВС.

Фантаст жазушылардан «Қызыл жасақ» деген арнайы топ құрылады.

Франция Қорғаныс инновациялары агенттігінің баяндамасында қиялы ерекше жүйрік жазушылар жаңа технологияларды қолдану мүмкіндіктері, шабуыл кезіндегі қорғаныс түрлері сияқтыларды ойластыратыны айтылған.

«Қызыл жасақ» 4-5 адамнан топтастырылады. Олар қорғаныс мәселесіне әскери стратегтер сияқты емес, шығармашыл көзбен қарайды. Жазушылардың жұмысы қатаң құпия сақталады.

Соңғы жаңалықтар