"Baqytty bala" танытқан балғын жұлдыздар

"Baqytty bala" танытқан балғын жұлдыздар

"Baqytty bala" танытқан балғын жұлдыздар
ашық дереккөзі
336
Әлемге жарқын да жас жұлдыздарды сыйлаған "Baqytty bala" ІІ ашық фестиваль конкурсының бас жүлдегерлері 2 000 000 теңге алды. Ал ресейлік "Голос. Дети" телевизиялық шоуының жұлдызы "Baqytty bala" атты қазақстандық фестиваль конкурсының жеңімпазы атанды.  Нұр-Сұлтан қаласының кішкентай тұрғыны, жас вокалис Айкерім Тілеубек "Baqytty bala" ІІ ашық фестиваль конкурсында "Голос. Дети" фестиваль конкурсының жеңімпазына айтарлықтай бәсекелестік танытты. Яғни, "ДимашАли" продюсерлік орталығы ғаламдық деңгейдегі тағы бір жаңа да жас өнер жұлдызын танытты. Ол, әрине, елордалық өнер иесі Айкерім Тілеубек. Байқаудың қорытындысын анықтау барысында ұйымдастырушылар – "ДимашАли" продюсерлік орталығы мен шақырылған сарапшылар кәдімгідей қиын жағдайға тап болды. Қызу пікірталас түн жарымына дейін жалғасты. Нәтижесінде төрешілер алқасы ымыраға келіп, екі қатысушыға бас жүлде беретін болып шешті. Ал жүлде қорының көлемі алдыңғы конкурстан еселеп артты.  width=   Айта кету керек, Қазақстанда осындай ауқымды іс-шара Ақтөбе облысы әкімдігінің және Ақтөбе қаласындағы жеке компаниялардың қолдауымен өтті. Байқау алдында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин қазылар алқасы мүшелерімен және фестиваль-байқауды ұйымдастырушылармен кездесті. «Дарынды балалардың "Baqytty bala" атты өнер бәсекесі халықаралық мәртебеге ие болды. Соның арқасында қазақстандық өнер өлкесіндегі өрендер әлемге белгілі жерлесіміз Димаш Құдайберген сияқты есімдерін таныта бастады. Фестиваль-байқаудың ондаған, жүздеген жаңа жұлдыздарды ашатынына сенімім мол", - деп атап өтті облыс әкімі. Кездесу соңында аймақ басшысы қонақтарға естелік кәдесыйлар табыс етті. Байқау болатын күн «Димаш Құдайберген гала-шоуға бір күнге ұшып келді» деген қуанышты хабардан басталды. Балалар қобалжығанын жасыра алмады, олардың әрқайсысы үшін өздерінің сүйікті әншісімен кездесу – үлкен арман. Бірақ жеткіншектер ішкі сезімге толы толғаныстарын басып, сахнада үздік өнер көрсетуге жанын да, барын да салып бақты. Өз ана тілінде ән шырқауды талап ететін бірінші сайыстың өзінде көрермендер үшін жеңіске үміткер анықталғандай болды. Нұр-Сұлтан қаласынан келген Айкерім Тілеубек "Жұмақ мекен" әнімен тыңдармандарды баурап алды, көпшілік оған ұзақ уақыт бойы қол шапалақтап, ыстық ықыластарын білдірді. Әлемдік деңгейдегі танымал хиттердің перфоманстары орындалатын екінші кезеңде ұйымдастырушылар жас шамасына шектеу қоймағанын атап өткен жөн. "ДимашАли" продюсерлік орталығының жетекшісі Қанат Айтбаев айтқандай, мұнда қатысушылар өздерінің вокалдық қабілеттері мен сахналық таланттарын мейлінше айқын көрсететін әндер таңдауы өте маңызды. "Балалар тамаша өнер көрсетті! Тамашасы сол, тіпті шын мықтыны таңдау мен анықтау аса қиынға соқты. Алайда, байқау шарттары да орындалуы тиіс. Қазылар алқасы ешкімді алаламай, өз міндеттерін адал атқарды деп білемін. Соңында ерекше қорытынды шығарды", - деді байқаудың қазылар алқасының мүшесі Аида Николайчук. Жүлдегерлерді соңынан бастап таныстырсақ, қостанайлық Исатай Болтахан және Алматы қаласының үміткері Қарақат Башанова жүлделі үшінші орынды қанағат тұтты. Олардың әрқайсысы 100 000 теңге сомасында сыйлық сертификатпен марапатталды. Екінші орынға Украинаның Харьков қаласынан келген Дарина Галицкая мен ақтөбелік Аңсар Жүсіп лайық деп танылды. Оларға 150 000 теңге көлеміндегі сертификаттар табыс етілді. Ал бірінші орынды Ресейдің Тула қаласынан келген Мария Панюкова мен алматылық Нұрлыбек Сапарбай жеңіп алды. Бәсекелестерінен өнер бәйгесінде оза шапқан жас әншілер 250 000 теңге көлеміндегі сертификаттарға ие болды. Сегіз мемлекеттен келген таңдаулы әншілердің арманындағы Бас жүлде, дәстүр бойынша, сарапшылар алқасын тамсандырып, ғажап өнерімен конкурс дәрежесін көтерген ең мықты екі қатысушыға табысталды. Олар, жоғарыда айтқанымыздай, елорданың тумасы Айкерім Тілеубек пен Ресейдің Түмен қаласынан келген Ислам Балкоев – "Baqytty bala" ІІ ашық фестиваль конкурсының жаңа қос жұлдызы. Бас жүлдені жеңіп алғандардың әрқайсысына 1 000 000 теңге сомасында сертификаттар табыс етілді. Тағы да айтайық, Ислам Балкоев "Первый канал" арнасынан көрсетілетін "Голос. Дети" атты телевизиялық жоба бойынша көпшілікке танымал. Ресейдің басты вокалдық шоуында Валерий Меладзенің жетекшілігімен өнер көрсету Исламға көп көмегін тигізді. Оның өнеріне пікір білдірген Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Димаштың педагогі Марат Әйтімов былай деді: "Ислам талантымен қатар, ерекше дарыны мен сахналық шеберлігін таныта білді. Әлбетте, оның сахна адамы екені даусыз! Ол аудиториямен жұмыс істей алады, сахнаның сәнін келтірді. Нағыз әртіс үшін жақсы вокалдық қабілеті болу жеткіліксіз, нағыз әртіс сан алуан қасиеттерге ие болуы тиіс, ең бастысы – әнді Димаштай жүрекпен жеткізе білу қажет. Мысалы, шеберлік сағаты барысында мен Исламға оның хореографиясына қатысты бірнеше ескерту жасадым. Биі шикілеу болды, ашығын айтқанда, оның деңгейіне лайық емес еді. Іс-қимылдары сәл қысыңқы болатын. Ислам мені мұқият тыңдап, пысықтауға уәде берді. Сөйтіп, финал кезінде мүлдем жаңа қойылымымен тәнті етті! Осындай қысқа мерзімде ол барлық кемшіліктерді жойып, биді жақсы алып шықты. Бұл, әлбетте оның жоғары кәсібилігінің көрсеткіші". Айкерім Тілеубек Димаш Құдайбергенмен бірге оның келесі концертінде ән шырқау құрметіне ие болғаны белгілі болды. Еске сала кетейік, "Baqytty bala" фестиваль конкурсының I маусымының финалисі Нарғыз Жанұзақ Лондонда өткен Indigo at the O2 концерт залының сахнасында әйгілі әншімен бірге мега-жұлдыздармен дуэтте өнер көрсетті. Ал екінші Бас жүлде иегері Ержан Максимм ресейлік "Голос. Дети" танымал жобасында мәскеулік көрермендерді дарынымен тамсандыра білді.

Серіктес жаңалықтары