Оқ-дәрі қоймалары жаппай тексерілмек

Оқ-дәрі қоймалары жаппай тексерілмек

Оқ-дәрі қоймалары жаппай тексерілмек
ашық дереккөзі
367
ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен құрылған арнайы комиссия оқ-дәрі қоймаларын тексеруді бастады" деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.  Комиссия оқ-дәрілерді сақтау саласында арнаулы техникалық білімдер мен тәжірибеге ие жоғары білікті әскери мамандардан құралған. Ол әскери қызметшілер ҚР Қарулы Күштері құрамалары мен базаларындағы зымыран-артиллерия қаруын, оқ-дәрілерді сақтауға байланысты командалық лауазымдарда қызмет атқарған. Соның ішінде ҚР ҚК Құрлықтағы әскерлер бас қолбасшысының  орынбасары (2004-2005) лауазымын атқарған запастағы генерал-майор В. Назаренко және ҚР ҚК Бас штабының Ұйымдастыру-мобилизация жұмыстары департаментінің бастығы болған (2016-2018) запастағы генерал-майор М. Даиров бар. Тексеріс кезінде комиссия оқ-дәрілерді сақтау тәртібін, жағдайларын, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын ескереді. Бұдан бөлек, жер-жерде іс жүзінде көмек көрсетіліп, оқ-дәрі сақтау нысандарының қауіпсіздігін күшейту шаралары айқындалады.  

Серіктес жаңалықтары