3172
ӨЗІН-ӨЗІ ЖЕТІЛДІРУГЕ АРНАЛҒАН ЕҢ ҮЗДІК КІТАПТАР
ӨЗІН-ӨЗІ ЖЕТІЛДІРУГЕ АРНАЛҒАН ЕҢ ҮЗДІК КІТАПТАР
" Оқып болған соң бұрын неғып оқымағанмын" деп ойлайсыз... Егер күн сайын артық 20 минут уақытыңыз болса, 1 аптадан кейін бұл кітап өміріңізді өзгертеді.
Алекс Новак. "Бар болса да жоқ кітап"
Бұл шығарма - өз өміріңді басқарудағы " аспаптар жәшігі" десе де болады. Сіз сол кеңестерден кейін жарқын мақсаттарыңызға нақты қадамдар жасап, ең бастысы сол қадамды өміріңізге енгізесіз. Кітапта теориялар, мысалдар, оларды тәжірибеде орындауға нақты нұсқаулар келтірілген. Кітаптың тілі жатық, сөздері түсінікті, түсініксіз терминдер жоқ.
Бұл кітапты неге оқу керек ? Желіде 2014 жылдың желтоқсан айында пайда болған бұл кітап жарылған бомбадай әсер қалдырды. Бір жарым айдың ішінде сайтта 100 мыңнан астам оқырман қараған. Кітап әр түрлі пікірталастар тудырып, хит-парадтарға ілініп, баспа назарына түсті. Автор Алекс Новак кітаптың қағаздағы нұсқасын шығару туралы ұсыныстар алды. "Питер" баспасымен 2014 жылы келісімшарт жасалып, "Бар болса да, жоқ кітап" дүкен сөрелеріне 2015 жылдың сәуір айында жол тартты.
2.Ник Вуйнич. "Шетсіз - шексіз өмір".
Ник Вуйнич өмірге қолы мен аяғы жоқ болып келді. Сонда да тәуелсіз, толыққанды өмір сүруде. Екі жоғары білімі бар, компьютерде минутына 43 сөз тереді, серфингпен, балық аулаумен, жүзумен айналысады, тіпті трамплиннен секіруді де ұнатады. Оның кітабы - қиындықты және өмірден түңілген кезде жеңуге деген талпыныс тудыратын шығарма. Өзіңе сеніп, бақытты болуға әрекет етуді насихаттайды. Ник өзінің физикалық жағдайы мен уайымдары жайлы ашық баяндайды, өзінің мүгедектігіне көндігу ауыр болғанын, өзіне қол жұмсамақ болған кездері болғанын жасырмайды. Өз мәселелерінде бөгет емес, алдыға үлкен мақсат қойып, қалағанына қол жеткізу мүмкіндігін көріп үйренуге аз уақыт жұмсаған жоқ . Қол-аяғы болмаса да ол көтеріле алды. Өз кітабында ол өзіне көмектескен өмір сүрудің ережелерін оқырмандарымен бөліседі.
3.Ицхак Пинтосевич "Өмір сүр!"
Бұл кітап- соңғы уақыттағы медицина, физиология және психология салаларындағы жаңалықтар мен Олимпиада спортшыларын дайындау құпияларының синтезі. Автор Ицхак Пинтосевич бұрын әлемдік деңгейдегі кәсіби спортсмен, жаттықтырушы, кәсіпкер адам. Бұл кісі көп уақытын жұмыста өткізіп, мақсаттарына жетуге ұмтылған, бірақ жұмыс графиктерін өзгертуге құлықсыз адамдарға арналған ерекше бағдарлама жасап шығарды. Бағдарлама мақсаты - оларды бұзылудан, аурулар мен күйзелістерден құтқару. Осы бағдарлама аясында қуаттылық деңгейін көтеріп, денсаулықты жақсартып, тіршілікте табыстың жоғары деңгейіне жетуге болады.
4.Игорь Манн."Бірінші".
Адамның алға ұмтылуын көрсететін "Мен өзімді бес жылдан кейін қалай елестетемін" деген танымал жаттығу бар. Көпшілік адамдар бірінші болғым келеді, саламның бетке ұстары болсам дейді, бірақ берілген уақыт аралығында таңдалған мақсатта бірдеңе тындыратындар аз. Тек қолға алынған іс әрекет қана тұлғаның нақты масштабын көрсетеді. Өзіңді өзің жасау оңай емес: нәтижеге көп жағдай ықпал етеді. Барлығы сияқты, жоспарға сәйкес қимылдау керек. Бұл кітап сондай жоспар ұсынады. Оны өзіңізге қарай бұрып, өзгертуге болады
5.Джош Вайцкин. " Оқу өнері".
Бұл Джошуа Вайцкиннің авторлық өмірбаяны. Ол 9 жасында шахматтан ұлттық чемпионатты жеңіп алған және 28 жасында тайцзи жекпе-жек өнерінен чемпион болған. Екі түрлі спорттан мұндай нәтижене қалай қол жеткізді? Джошуа өзін шахматтан немесе тайцзиден мықтымын деп есептемейді. Ол " мен оқып үйренуде мықтымын " дейді. Кітапта ол өз хикаясымен баяндап, шыңға екі рет көтерілуге мүмкіндік берген оқу принциптерімен бөліседі. Бұл жай ғана хикая емес, бұл кез-келген жетістік , чемпиондық деңгейде болсын, туа біткен талантпен емес, дұрыс өмір сүру мен дұрыс дағдылармен психологиялық дайындық арқасында келетінін дәлелдейтін шығарма.
Жарас НҰРБОЛҰЛЫ