Жазба айтыс дамып келеді

Жазба айтыс дамып келеді

Жазба айтыс дамып келеді
ашық дереккөзі
373
Қызылордада «Қазақ әдебиетіндегі жазбаша айтысу дәстүрі» тақырыбында  ғылыми-танымдық конференция өтті. 

Аталмыш шара ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Оны өткізуге  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы ұйытқы болды.

Аталмыш конференцияға әдебиетші, тарихшы, тілші-ғалымдар және студенттер қатысты. Конференция тақырыбына сәйкес ғалымдар баяндамалар жасады.

Жоғары оқу жанындағы қорқыттану және өлке тарихы ғылыми зерттеу институтының директоры, филолоия ғылымдарының докторы, профессор Бағдат Кәрібозұлы Қызылорда облысы басшылығының қолдауымен шығарылған «Сырдария» кітапханасына енген «Сыр сүлейлерінің жазбаша айтыстары» тақырыбында әңгіме өрбітті.

Ал  филология ғылымдарының кандидаты. Ұ.Жанбершиева «Сыр бойындағы ақындық мектеп және әдеби дәстүр», филология ғылымдарының кандидаты Аман Абасилов «Жазбаша айтыстың тіл ерекшелігі» тақырыбында тағылымды ой қозғады. Ал қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының магистранты Н.Әбдіқожаеваның «Тұрмағамбет Ізтілеуұлының жазбаша айтыстағы аралық сөздері» тақырыптарындағы баяндамасы қызылордалық ғалымдар тарапынан жоғары бағаланды.

Серіктес жаңалықтары