Министрлікке жас мамандар керек

Министрлікке жас мамандар керек

Министрлікке жас мамандар керек
ашық дереккөзі
280
Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров министрлікке жұмыс орналасу тәртібін түсіндірді. Халыққа есеп беру жиынында министрге Қазақ агротехникалық университетінің ветеринария ғылымдарының магистрі «Министрлікке жұмысқа орналасу үшін не істеу керек?» деген сұрақ қойды. «Ауыл шаруашылығы министрлігіне жұмысқа орналасу жалпыға ортақ тәртіпте конкурс арқылы жүргізіледі. Министрліктегі барлық вакансиялар жарияланады. Оған кез келген тілек білдіруші өтінім бере алады. Бүгінде АШМ-ның 90-ға жуық қызметкері - жастар. Ұжымымыз жасарып келеді. Министрлікте ұзақ жыл қызмет еткен тәжірибелі мамандарымыз облыстық бөлімшелерге ауысады. Сол кезде босаған орындарға жас мамандарды аламыз», - деп жауап берді С. Омаров.  

Серіктес жаңалықтары