325
"Bala business holiday" аяқталды
"Bala business holiday" аяқталды
Павлодарда жас бизнесмендердің «Bala business holiday» жазғы мектебі өз жұмысын аяқтады.
«Павлодар облысының жас буынын тәрбиелеудің тұжырымдамасы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде өткен оқу жылында «Bala business» жобасы іске асырылды», - деді баспасөз қызметінде.
М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Bala business holiday» жас бизнесмендердің мектебі жұмыс істеді. Оқыту бағдарламасында бизнес-бапкерлердің және коучерлердің тренингтері, өңірдің алдыңғы қатардағы бизнесмендерімен кездесулер қарастырылды. Жас қатысушылар өз жобасының тұсаукесерін тиімді жасап және табысқа жету жолдары туралы Инновациялық Еуразия университетінің оқытушысы, психология ғылымының кандидаты, доцент Татьяна Кравцованың қызықты коучингінен зерделенді.
Ал ИНЕУ деканы, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, «Кәсіпкерлік университет» жобасының жетекшісі Зубираш Смағұлова экономикалық стартап жобаларын құру құпияларымен бөлісті.
Жас бизнесмендермен кездесуде кәсіби фотограф, жарнама және полиграфия орталығының директоры Александр Пархоменко өз бизнесін қалай құру және алға қойған мақсатқа жету туралы баяндап берді.
Оқушылар сарайының педагогтері Евгения Леденева, Елена Мирзоян және Павел Сербиненко «Декупаж», «Аква-грим» және өзге де оқушыларға қызықты шеберлік-сыныптар өткізді. Оқулардан соң С.Торайғыров атындағы ПМУ стартап Академиясының мұражайына және Оқушылар сарайының обсерваториясы мен планетарийге экскурсия ұйымдастырылды.
«Менің студенттермен жұмыс істеу тәжірибем оқушыларға бизнес - жоспарларын әзірлеу бойынша тренинг өткізуге мүмкіндік берді. Бұл балалардың тың идеялары мен қызықты ойлары бар. Кішкентай жасына қарамастан олардың өз жоспарлары мен есептері өте керемет. Олардың жобалары біздің ұлттық дәстүрлерімізді, әдет-ғұрыптарымызды сақтауға бағытталған. Ұлттық өнімдерді, ұлттық ою-өрнегі бар бұйымдарды өндіруге байланысты жобалар ерекше. Мысалы, «Хан талапай» жобасы қаржыландыруға дайын және үлкен сұранысқа ие болады. Барлық жобалар іске асырылғанын қалаймын», - деді Зубираш Смағұлова. Жас бизнесмендер мектебінің барлық қатысушылары сертификаттарға ие болды.