Жеміс-жидек бағасы қымбаттады

Жеміс-жидек бағасы қымбаттады

Жеміс-жидек бағасы қымбаттады
ашық дереккөзі
796
Грузияда жеміс-жидек бағасы қымбаттап жатыр. Мамандардың айтуына қарағанда негізінен импортты тауардың құны өскен. Дей тұрғанмен құны шарықтап кеткен отандық өнімдер де баршылық. Ел билігі бұл жағдайға байланысты бірнеше себепті атап отыр. Жеміс-жидек түрлерінің қымбаттауының бірден-бір себебі Грузия ұлттық валютасы ларидің АҚШ долларына шаққандағы бағамының күннен-күнге төмендеуде. Осыған байланысты жекелеген тауарлар бағасы көтеріліп, экспорт өсіп, импортқа деген сұраныс төмендеген. Ал бұдан бірінші кезекте қарапайым халық зиян шегіп отыр. Бұл жайында жергілікті экономист Акакий Цомая: «Жеміс-жидек бағасының өсуіне негізінен үш себеп бар. Біріншіден, жергілікті жемістер экспортқа шығарылатынын ескеру қажет. Жыл өткен сайын грузиялық жемістерге сұраныс артып келеді. Яғни сұраныс артқан сайын ол бағаның қымбаттауына әкеледі. Сонымен қатар баға өсіміне туристік сегмент те өз әсерін тигізеді. Жалпы, туристік маусым кезінде жеміс жақсы өтеді, сәйкесінше баға да өседі. Ал үшінші себеп – ұлттық валюта бағамының құбылуы. Бұл да нарықтағы баға саясатына өз ықпалын тигізеді», – дейді.  

Серіктес жаңалықтары