27 Мамыр 2019, 13:28 679 0 Қоғам Túrkistan Gazeti

КӨШБАСШЫ ЖАСТАРДЫҢ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ ӨТТІ

Жеңіске сүбелі үлесін қосқан ерлердің бірі Кеңес одағының батыры, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі азаттықтың алғашқы жылдарында қазақ армиясының қалыптасуына зор еңбек сіңірді. Бүгінде батырдың ерлік ісін жас ұрпаққа насихаттау бағытында іргелі жұмыстар жасалып жатыр.

Жуырда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ғылыми кітапхана залында Кеңес Одағының батыры, ҚР тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 95 жыл толуына орай және Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауына байланысты жастарға батыр бабаларымызды насихаттау мақсатында «Даңқты қолбасшы – Сағадат сардар» атты дөңгелек үстел болып өтті.

Республикамыздың барлық аймағынан келген көшбасшы жастар,батырдың ерлігін өнеге тұтып,арнайы бейнеслайд әзірлеген.

Екі күнге созылған дөңгелек үстелге,белсенділік танытып, қатысқан жастар саны 1500 ге жуықтаған.

Аталған іс шара барысында Сағадат Нұрмағамбетовтың 95 жыл толуына орай және Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған кітап көрмесі және батырдың жеке қорында сақталған заттарымен жәдігерлері келушілерге ұсынылды. Ал аталмыш жастар жиынының басты қонағы қонағы – «Халық қаһарманы» С. Нұрмағамбетов атындағы халықаралық қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы Махмұт Ыбырайханұлы Нәлібаев.

Махмұт Ыбырайханұлы көшбасшы жастардың талабын, бағалап өз тарапынан алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыс етті.Жастардың батырға арнап жазған, жыр жауқазынынын Сағадат Нұрмағамбетов мұражайына қоюды ұсынды.

Соңғы жаңалықтар