2019 жылдың 23 сәуірінде Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу орталығында Алматы қаласының бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен әскерилендірілген квест (әскери-спорттық ойын) өткізілді. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің имиджін арттыру, салауатты өмір салтын және белсенді демалысты насихаттау. Егеменді еліміздің айбынды Армиясының жетістіктерін насихаттау. Квест бағдарламасы 3 кезеңнен тұрды: 1-ші кезең. ҚӘ ӘИ оқу орталығымен таныстыру, курсанттардың ату дайындығы бойынша практикалық сабақтарын көрсету, Т-72 танк қару-жарағынан штаттық снарядпен ату, взводтың жауынгерлік ату жаттығуларын көрсету. 2-ші кезең: Журналистер арасында әскери-спорттық ойын-эстафетасын өткізу. Әскери-спорттық ойын-эстафетасы келесі жарыс түрлерінен тұрады: тактикалық сұрақтарды шешу, карталармен жұмыс жасау, сонымен қатар жылдамдық қозғалысын, бұзылған баспалдақты, қабырғаны, лабиринтті өту, оқ-дәрілермен жәшікті көтеріп жарға түсу, сымды кедергілерден өту, граната лақтыру, ЖӘҚЖ-ды уақытқа киіп үлгеру, ату қару-жарағынан практикалық сынақ тапсыру және одан да қызықты сайыстар ұйымдастырылған. Ең қажеттілігі командалық рух және барлық ұжымның ұйымшылдығы. 3-кезең: Автомат АК-74-тен ату және жауынгерлік машинаны жүргізу. Ойынның қорытындысы бойынша үздік командалар анықталды:1 орын «ТҮРКІСТАН» газеті және "Хабар 24" телеканалы мен "Еуразия" телеканалдарының журналистерінен құралған "Қасқыр" командасы. 2-ші орын "Казспорт" командасы, 3-ші орын "Ұлан" газетінің командасы. Жеңімпаздарды арнайы грамотамен Құрлық әскерлерінің Әскери институт бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Жұмабек Хасенов дипломд және сыйлықтармен марапаттады.
Жүктелуде...