22 Сәуір, 13:07 583 0 Спорт Мақсат ҚҰСАЙЫНОВ

Алматы. Марафон-2019

Алматыда Орталық Азиядағы ең ауқымды марафон өтті. Осымен 8-рет өткізілген шараға биыл 17 мың адам қатысты, оның 2 мыңға жуығы 53 елден келген спортшы мен меймандар. Марафон таңғы сағат сегізде басталды. Алдымен, 3 шақырым қашықтықта 10-14 жас аралығындағы балалар жарысты. Одан кейін 10, 21, 42 шақырымдық сайыс өтті. Ал түске таман негізгі 42 шақырымдық жарыс аяқталды. Бұл қашықтықта биыл өзбекстандық Зікірло Маматқұлов жеңімпаз атанды. Айта кетерлігі, марафонға егде жастағы азаматтар да көптеп қатысқан. Жалпы бұл спорттық әрі қайырымдылық шараға қатысу ақылы. Ең ұзақ қашықтық, яғни 42 шақырымға жүгірушілер марафон қорына 10 мың теңге төлеуі тиіс. Жиналған қаржы №15 мектеп-интернатына спорт кешенін салуға және сал ауруына шалдыққан балаларды сауықтыруға жұмсалады.

Фоторепортаж: Мақсат ҚҰСАЙЫНОВ

Соңғы жаңалықтар