Үкімет мүшелері ел аралап жүр

Үкімет мүшелері ел аралап жүр

Үкімет мүшелері ел аралап жүр
ашық дереккөзі
589
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г.Әбдіқалықова бастаған Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларының негізгі бағыттарын түсіндіру жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы Алматы облысына барды. Жұмыс тобының құрамына ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Сапарбаев, ҚР Білім және ғылым министрі К.Шәмшидинова, ҚР денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы М. Жайымбетов кірді. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г.Әбдіқалықова мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Сапарбаев жұмыс сапарын Талдықорған қаласының қалалық жұмыспен қамту орталығы мен халыққа қызмет көрсету орталығынан бастады, онда мекемелердің жұмыстарын тексерді. Бұдан кейін жұмыс тобы Алматы облысының тұрғындарымен кездесті. Жиынға көпбалалы аналар, аз қамтылған отбасылар, еңбек ардагерлері, мүмкіндіктері шектеулі жандар, мұғалімдер, дәрігерлер, азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Гүлшара Әбдіқалықова өз сөзінде жаңа әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары, жұмыс тобының мақсаттары мен міндеттері туралы толығырақ айтып берді. Халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында қолға алынған шаралар туралы егжей-тегжейлі баяндай отырып, ол мемлекеттің басымдығы халықтың тұрмыс деңгейін барынша жақсарту екенін атап өтті. Басты міндет – халықты жұмыспен қамтамасыз ету, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына міндетті түрде мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Бір айта кетерлігі, Г.Әбдіқалықова аз қамтылған отбасылармен кездесті. 5 бала тәрбиелеп, балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істейтін көпбалалы ана Т.Бекбердинованың пәтерінде болған Премьер-Министрдің орынбасары атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тетігін түсіндірді, оған сәйкес бұл отбасы енді ай сайын 141 125 теңге алатын болады. Онан өзге Г.Әбдіқалықова азаматтарды жеке қабылдады. Атап айтқанда, С.Тұраштың өтініші қанағаттандырылды, ол өз үйінде тігін ісін ашқысы келеді және қаржыландыруға мұқтаж. Өңір басшылығына 505 мың теңге көлемінде өтеусіз грант беру мәселесін шешу тапсырылды. Мал шаруашылығымен айналысуға шешім қабылдаған С.Күмісбек шағын несие беруді сұрады. Бұл мәселе де оң шешімін тауып, облыс басшылығы оған шағын несие бөлетін болды. Жұмыс тобының басқа мүшелері облыс аудандары бойынша сапарлады.  

«Түркістан-ақпарат»

Серіктес жаңалықтары