16 Сәуір, 13:15 345 0 Қоғам TURKYSTAN.KZ

«Рухты Шығыс» жастар арт-фестивалі өтті

Ұлыларды тудырған қарт Семейдің төсінде, қара Ертіс бойында жастар жылы аясында «Рухты Шығыс» жастар арт-фестивалі болып өтті.

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюумен басталған іс-шара жасампаздықпен жарқырап жүрген таланттармен кездесуге мүмкіндік берді.

Атап айтар болсақ, «Қазақ күресі» палуаны, ауыр салмақ дәрежесіндегі халықаралық санаттағы спорт шебері, «Әлем Барысы» чемпионатының жеңімпазы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Қазақстан Барысы», «Евразия Барысы» турнирлерінің жеңімпазы Айбек Нұғымаров,  және ақын, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жобасының жеңімпазы Ержан Жұмабеков, «Халықаралық жасыл технологиялар және инновациялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы директордың орынбасары, халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлегі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жобасының жеңімпазы Серік Амангелдіұлы Нұркен,                Усть-Таловка кентінің театр өнері пәндерінің оқытушысы, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жобасының жеңімпазы Алифанов Валентин Игоревич сынды тағыда басқа дарын иелері жастармен жүздесіп бағыт бағдар берді. Кеш соңы «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» ғашықтар мерекесіне арналған мерекелік концертпен қорытындыланды.

Қабдуәли Сәулет

Соңғы жаңалықтар