15 Сәуір, 11:56 102 0 Білгенге маржан TURKYSTAN.KZ

Күндерек: 15 сәуір – Халықаралық мәдениет күні

15 cәуір – «TÚRKISTAN» weekly. Бүгін халықаралық мәдениет күні аталып өтеді. Ол 1935 жылдың 15 сәуірінде бекітілген. Табиғатқа бей-жай қарау, тарихи ескерткіштерді бұзу мен дүниеқорлық – мәдениетсіздіктің басты белгісі саналады. Аяушылық білдіру қасиеті тек адамға ғана тән. Мәдениет өркениетті дамытады. Ол бірнеше мыңжылдық бұрын қалыптасқан.

Бүгін көптеген елде экологиялық білім күні аталып өтеді. 1992 жылы дәл осы күні Рио-де-Жанейродағы БҰҰ конференциясында қоршаған орта мәселелері талқыланған болатын. Әлем елдері халқының экологиялық білімі адамзаттың тұрақты дамуы үшін аса маңызды. Бұл мерекенің басты мақсаты – тұрғындардың экологиялық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру.

Сондай-ақ, Қазақстанда 2011 жылдан бастап 15 сәуірде ұлттық ғашықтар күні аталып өтеді. Ол ақпанда тойланатын халықаралық ғашықтар күнінің баламасы. Мұндай ұсыныс 2011 жылдың қаңтар айында  жасалған болатын. Мерекенің пайда болуына жастар ұйымдары, студенттер қауымы мен  бастамашыл топтар ұйытқы болған. Мейрам Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың махаббатына арналады.

Сондай-ақ, бүгін тақырбас адамдар күні. Бұл кеңінен таралып кеткен мерекелердің бірі. Оны шашын уақытша алып тастаған адам да, таз да тойлайды.

15 сәуірде әлемде болған тарихи оқиғалар

1912 жылы Атлант мұхитында мұзтаумен соқтығысқан "Титаник" кемесі суға батты. Апатта 1496 адам көз жұмды;

1924 жылы АҚШ-та әлемдегі тұңғыш автокөлік жолының атласы шықты;

1951 жылы Лондонда алғашқы "Әлем аруы" байқауы өтті;

1955 жылы Иллинойс штатындағы Дез-Пленз қаласында Рэй Крок өзінің бірінші McDonald’s мейрамханасын ашты.

15 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1395 жылы Терек өзенінің бойындағы шайқаста Тоқтамыс қолы  Әмір Темір әскерінен жеңілді;

1946 жылы Ұлы отан соғысы жылдары Ақтөбеге көшіріп әкелінген поляк балаларына арналған балалар үйі жабылды. Өйткені 117 бала отанына оралды (1945 жылдың 6 шілдесіндегі Польша мен КСРО арасындағы келісімге сәйкес);

1966 жылы Атырау қаласында Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония ашылды;

1993 жылы Қазақстан республикасының Бельгия корольдігінде елшілігі ашылды;

2008 жылы тарихта алғаш рет "Шоқан Уәлиханов" атындағы қазақстандық яхта Атлант мұхитын жүзіп өтті.

15 сәуірде дүниеге келген танымал тұлғалар

1452 жылы италиялық суретші, мүсінші, сәулетші, жазушы, ғалым  Леонардо да Винчи дүниеге келді;

1894 жылы 1953-1964 жылдар аралығында КОКП орталық комитетінің бірінші хатшысы Никита Хрущев дүниеге келді;

1949 жылы кеңестік, ресейлік әнші, сазгер, продюсер,актриса және тележүргізуші Алла Пугачева дүниеге келді;

1978 жылы Пуэрто-рика әншісі, әндер авторы, актер Луис Фонси дүниеге келді. Despacito әнінің орындаушысы YouTube рекордын орнатты.

15 сәуірде Қазақстанда кім туды

1896 жылы қоғам және мемлекет қайраткері, күйші Ғабдол-Хакім Бөкейханов   дүниеге келді;

1920 жылы жазушы, аудармашы, Қазақстанның халық жазушысы Сәуірбек Бақбергенов  дүниеге келді.

1922 жылы жазушы, драматург, Қазақстанның халық жазушысы Сафуан Шәймерденов  дүниеге келді;

1947 жылы кеңестік, қазақстандық дінтанушы, пәлсапашы, қазақ философиясы саласы тарихын зерттеуші, абайтанушы, мемлекет қайраткері Ғарифолла Есім дүниеге келді;

1948 жылы Қазақстанның мүгедектер одағының төрағасы Әли Амандаев дүниеге келді;

Ай күнтізбесі  

Ай – Арыстан белгісінде. Айналаға мұқият қарасаңыз, әлемнің қаншалықты тамаша екенін көре аласыз. Сіз әлі де көрмеген, білмейтін дүние қаншама. Тек жұмысты ғана ойламай, өмірдің қызығын тамашалауға асығыңыз. Сонда ғана көңіл-күйіңіз көтеріңкі болады. Тынығып, күш жинаңыз.

Соңғы жаңалықтар