Гаухар Әлімбекова 40 мың долларды қайырымдылыққа жұмсамақ

Гаухар Әлімбекова 40 мың долларды қайырымдылыққа жұмсамақ

Гаухар Әлімбекова 40 мың долларды қайырымдылыққа жұмсамақ
ашық дереккөзі
594
12 cәуір – «TÚRKISTAN» weekly.  Алты жылға бас бостандығынан айырылған Гауһар Әлімбекова сот залынан ақталып шықты. Сот алқасы алаяқтық бабы бойынша істі болған әншінің апелляциялық шағымын қанағаттандырып, дәлелсіз айып тағуға болмайтынын айтты. Тіпті, судья әншінің өзі де жәбірленуші екенін жеткізді. Алайда, 40 мың долларын даулаған арызданушы Бақыт Назарова БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында мұндай үкіммен келіспейтінін жеткізген.  width= "Әлімбекова Гауһар Серікбайқызы ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен тағылған айып бойынша кінәсіз деп танылсын. Іс-әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталсын", – деді Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов. Гауһарды қолдауға келген қауымның қуанышында шек жоқ. Күдігі сейілген әнші отырған орнында көз жасына ерік берді. Алаяқтық бабымен айыпталған әнші қаңтар айында 6 жылға сотталған еді.  width= Жәбірленуші Бақыт Назарованың айтуынша, бірнеше жыл бұрын жақын құрбысы болған эстарада өкілі тұрғын үй кешенінен үй алып беремін деп, одан 40 мың доллар алыпты. Алты жылдан бері үй тұрмақ ақшасын қайтара алмаған ол сотқа жүгінеді. Алайда, Әлімбекова қылмыстық істің соңына дейін соқыр тиын алмағанын айтумен болды. "Қысқасы әділдік жеңді. Бірінші Алланың арқасында, Аллаға деген сенімнің арқасында. Негізінде мен де жәбірленушімін. Осы уақытқа дейін айтпай келдім. Ол 1 үйден ұтылса, мен 3 үйден ұтылдым. Ол 1 жарым жыл бойы үйін жалға беріп отырды", – дейді әнші.  width= Сондай-ақ, атышулы істе басты айыпқа тартылып, 6 жыл 8 айға сотталған және рақымшылыққа байланысты жазасы екі есе мерзімге қысқарған Феруза Ордабаева да сот отырысында Гауһардың кінәсіздігін айтқан. Жәбірленуші Бақыт Назарова бүгінгі үкімнің әділдігіне күмән келтірді. "Мен үшін сот әділетсіздігін тағы дәлелдеп отыр. Мен кассациялық сотқа, тіпті Жоғарғы сотқа дейін барамын. Керек болса әлемдік сотқа шағымданамын", – дейді ол. Ал, сот залынан ақталып шыққан Әлімбекова жақын күндері сахнаға қайта оралып, қайырымдылық концерт бермекші. Үкімнен кейін әншіге әріптестері жинаған 40 мың доллар жайы да назардан тыс қалмады. Себебі, бұған дейін адвокаттар жәбірленуші бұл қаржыдан бас тартып, 80 мың доллар талап еткенін айтқан еді. Енді көпшіліктен жиналған жылу қайырымдылық шараға жұмсалады екен.

Серіктес жаңалықтары