28 Наурыз 2019, 16:13 812 0 Көлік "Түркістан" газетінің авторлары

Қызылордада әскери тікұшақ құлады, қаза тапқандар бар

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында ҚР Қорғаныс министрлігіне тиесілі МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырады.

Оқыс оқиға 27 наурызда, сағат 17:35 кезінде болған. Әуе кемесі толығымен өртеніп кеткен, оның не себептен құлағаны анықталуда. ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнында көз жұмғандар бар. «Көз жұмғандар мен зардап шеккендердің саны мен жағдайы анықталу үстінде», – делінген министрліктің хабарламасында.

Қ.Рахмет

 

Соңғы жаңалықтар