EURONEWS: Да Винчидің 500 жылдығына арналған көрме

Римде «Ғылымға дейінгі ғылым» атты көрме ашылды. Шара әлемге аты әйгілі суретші, мүсінші, сәулетші, ғалым Леонардо да Винчидің 500 жылдығына арналған. Көрмеде итальяндық өнертапқыштың көбіне технологиялық және ғылыми еңбектеріне ден қойылған.  «Бір көрме аясында экспонаттарды әртүрлі коллекциялардан жинадық. Оның ішінде Леонардоның сызбалары мен хаттары, сондай-ақ, ғалым құрастырған парашют үлгісі де бар. Экспонаттарды Ватикан кітапханасы және басқа да ірі итальяндық кітапханалар ұсынды», – дейді көрме ұйымдастырушысы Клаудио Гиргионе.

Италья президентінің резиденциясы – Квириналь сарайындағы көрме маусым айының соңына дейін жалғасады.

 

Back to top button