21 Ақпан, 15:01 230 0 Қоғам TURKYSTAN.KZ

28 мың көпбалалы отбасы баспана кезегінде тұр

ҚР Инвестициялар және даму министрі «Нұрлы жер» бағдарламасына көпбалалы отбасылар үшін арнайы бөлім қосуды ұсынды. Оның айтуынша, Қазақстанда 28 мың көпбалалы отбасы жергілікті органдарда арендалық баспана кезегінде тұр. Жалдау құны баспананың әр шаршы метріне 100 теңгені құрайды.

«Нұрлы жер» бойынша жылына 700 арендалық пәтер көпбалалы отбасыларға берілетін болса, олардың санын 2-3 есеге көбейту керек. Жалдау құны баспананың әр шаршы метріне 100 теңгені құрайды. «Яғни, екі бөлмелі пәтердің орташа жалдау құны 8-10 мың теңге ғана. Бұл әлеуметтік аз қамтылған жандар үшін ыңғайлы баға. Өткен жылдары көпбалалы жандарға 500-700 пәтер берілетін. Енді елбасы тапсырмасымен арендалық баспананы қаржыландыруды 35 млрд теңгеге дейін ұлғайттық. Енді 4 мың пәтер салуды жоспарлап отырмыз. Бірақ бұл кезекте мүгедектер, жетім балалар, ауған соғысының ардагерлері бар – санаттар өте көп», – деп түсіндірді министр.

Соңғы жаңалықтар