15 Ақпан 2019, 11:10 687 0 Спорт Túrkistan Gazeti

Денис Тенге арналған фильм

Алматыда Денис Тен туралы деректі фильмнің тұсауы кесілмек. Бұл туралы Денис Тен қоры мәлімдеп отыр. Деректі фильмді 23 ақпан мен 3 наурыз аралығында Бекмамбетов Синема кинотеатрынан көруге болады.

Туынды белгілі спортшының мұз айдындағы шоуы туралы. Естеріңізде болса, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді.

Оқиға Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында 19 шілдеде түскі сағат 15:00-дер шамасында болды. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Теннің оң жақ санының жоғарғы тұсынан пышақ салды.

25 жастағы Тен үш литр қан жоғалтып, ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. 2,5 сағатқа жалғасқан реанимациялық шараларға қарамастан, аурухана дәрігерлері Теннің өміріне араша түсе алмады. Сағат 17.30-да Олимпиада жүлдегері қайтыс болды.

17 ақпанда спортшының өліміне айыпты тұлғалар сотталды.

Соңғы жаңалықтар