288
Халық саны 18,395 млн адамға жетті
Халық саны 18,395 млн адамға жетті
Статистика агенттігінің мәліметінше, 2019 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда халық саны 18 млн 395,7 мың адамға жетті. Бұл өткен жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 238,6 мың адамға көп немесе 1,3 пайызға өскен.
Атап айтқанда, есептік кезеңде қала тұрғындарының саны 10 млн 638,7 мың адам немесе 57,8 пайыз, ал ауыл халқының саны 7 млн 757 мың адам немесе 42,2 пайыз болды. 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында республикада 1 жасқа дейінгі 3156 нәресте өлімі тіркелді. 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 0,2 пайызға көп. Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі – перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар. 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында 1617 нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 51,1 пайызын құрады. Туа біткен ауытқулардан 625 немесе 19,8 пайыз, тыныс органдары ауруларынан – 197 немесе 6,2 пайыз, жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан – 150 немесе 4,8 пайыз нәресте шетінеді. 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында елімізге көшіп келгендер саны 2017 жылғы көрсеткіштен 20,5 пайыз азайып, қоныс аударғандар саны 11,1 пайызды құрады. Негізгі миграциялық көші-қон ТМД елдері бойынша өтіп жатыр. ТМД елдерінен келген адамдар үлесі 78,9 пайыз, көшіп кеткендер үлесі – 90,1 пайыз.