2019 жыл: Теміржолдар жақсарады

2019 жыл: Теміржолдар жақсарады

2019 жыл: Теміржолдар жақсарады
ашық дереккөзі
290
«ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша теміржолдардың диагностикасын жақсартады. 2015 жылдың қыркүйегінен 2018 жылдың желтоқсанына дейін мобильді-диагностикалық кешенмен 85 мың шақырымна астам теміржол желілері тексерілген. Тексеру қорытындысы бойынша 900-ден астам ақаулы рельс уақытылы және шұғыл ауыстырылған. Мобильді-диагностикалық кешен деректері негізінде жол инфрақұрылымдарын жөндеу және қызмет көрсету бойынша шұғыл шешімдер қабылданады. Бұл техникалық шешімдер қабылдау процесін шапшаңдатып, пайдалану шығындарын қысқарта түспек. 2019 жылы магистральды желілерді айына екі рет диагностикалау үшін қосымша кешендер сатып алу, ескі жабдық – дефектоскоптардың санын 240 бірлікке төмендету, жол инфрақұрылымының жай-күйін бағалау кезінде адам факторының әсерін болдырмау жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары