8 Ақпан, 10:52 248 0 Спорт TURKYSTAN.KZ

Футбол – жастардың таңдауы

Алматы қаласы №40 жалпы білім беретін мектептің «ЖАРЫС АРЕНА» спорт кешенінде Алматы қаласы Бостандық аудандық білім бөлімінің қолдауымен, №40 жалпы білім беретін мектептің ұйымдастыруымен «2019 жылы – Жастар жылына» орай аудандық «Футбол – жастардың таңдауы!» атты 9-11 сынып оқушылары арасындағы шағын футболдан жарыс өтті.

Жарысты №40ЖББ мектеп директоры Сарбагысов Асқар Темірханұлы ашып беріп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарысқа жалпы ауданның тоғыз (№21, 40, 60,63,70,92,93,145,146) мектебінің командалары қатысып, ойын нәтижесінде ұлдар арасындағы ойында І орынды №145 жалпы білім беретін мектептің ұлдар командасы иеленсе, қыздар арасындағы ойында №21 гимназияның қыздар командасы үздік ойын көрсетіп

І орынды жеңіп алды. Жарыс соңында мектеп директоры Сарбагысов Асқар Темірханұлы «2019 жылы – Жастар жылына» орай шағын футболдан аудандық сайыс ұйымдастырған мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Алғадаев Қайрат Қуанышұлына, Сарсенбаева Аружан Нұржанқызына алғыс білдірді. Жарыс жеңімпаздарына ұйымдастырушылар тарапынан мадақтама қағаздары табыс етілді.

Ербошаев Ермек Бақытбекұлы, №40 жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Соңғы жаңалықтар