Торонто қаласының орталығында атыс болды

Канадада Торонто қаласының орталығында атыс болып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат CTV-ге сілтеме жасап.

Оқиға жексенбі күні жергілікті уақытпен 16:40-та Кинг және Колборн көшелерінің қиылысында болған.

Зардап шегушіге оқ тиіп, қатты жарақат алған және ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

Қылмыскерлер оқиға орнынан ізін суытқан. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше адам атысқан. Полиция оларды іздеп жатыр.

 

Back to top button