Жарқын болашақ жолында

Жарқын болашақ жолында

Жарқын болашақ жолында
ашық дереккөзі
1132
Бейресми деректерге сүйенсек, елімізде 80 мыңнан астам жетім бала бар. Олардың жай күйі мемлекет қарауында. Солай болса да, «Жетім көрсең жебей жүр» деген тәмсілді жадында сақтаған қазақ жастары жетімдер үйіне барып, ондағы тәрбиеленушілерге қамқорлық жасауды ұмытпаған. Жуырда Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 1 курс магистранттары «Жарқын болашақ жолында» жобасы аясында Талғар қаласындағы Тұяқ апай тәрбиелеп отырған 51 қаракөзге барып, түрлі сыйлықтар сыйлады. Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, профессор Шаймерденова Меңдіғаным жетекшілігімен консерттік бағдарлама қойылды. Балалар арасындағы өнерге қызығушы, әнші, биші жас өнерпаздар үлкен өнер жұлдызы болғысы келетіндіктерін айтып, аға-әпкелерінен кеңестер алды. Кәсіби мамандар балаларға актерлік шеберлік, дәстүрлі аспаптарда ойнау бойынша арнайы шеберлік сағаттарын өткізді.

Серіктес жаңалықтары