Жылдың үздік спорт журналистері анықталды

Жылдың үздік спорт журналистері анықталды

Жылдың үздік спорт журналистері анықталды
ашық дереккөзі
Үздік спорт журналистерін анықтайтын Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жыл сайынғы байқаудың жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде байқау қорытындыланып, жеңімпаздардың есімдері жарияланды. «Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан байқауға биыл еліміздің әр өңірінен 15 үміткер қатысты. Олардан газет және сайт беттерінде жарық көрген 167 мақала, 11 телевизиялық материал, 3 деректі фильм мен 2 кітап келіп түсті», - делінген комитет ақпаратында. Қазылар алқасының шешімімен сыйлыққа «Қазақ спорты» газетінің тілшісі Мәдина Асылбек, «Қармақшы таңы» газетінің журналисі Нұрбай Жанәділов және «Qazsport» арнасының тілшісі Ермек Төрениязов лайықты деп танылды. Спорт журналистерінің үздігін анықтау Қыдырбек Рысбек, Дүрәлі Дүйсебай, Аман Сейітқанов, Нұрғазы Сасаев секілді журналистика саласының майталмандарына тапсырылды. Жеңімпаздар «Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты» арнайы төсбелгілерімен марапатталып, дипломдар мен ақшалай сыйлықтарға ие болады», - деп атап өтті комитеттен.