Элеватор – Қазақстан қуатының кепілі

Элеватор – Қазақстан қуатының кепілі

Элеватор – Қазақстан қуатының кепілі
ашық дереккөзі
Ленин кентінде орналасқан жаңа бидай қоймасында бидайдың сапасын анықтау үшін толық жабдықталған өндірістік-технологиялық зертхана құрастырылды. Элеватордың ашылу салтанатына облыс әкімі Болат Бақауов қатысып, кәсіпорында барлық процесс автоматтандырылғанын айтты. Бидай сақтау орнында кептіргіш, желдеткіш және бидайды сақтау сыйымдылығы, көтеру көлік техникасы бар. Бұл жерде сырттан әкелінетін және сақтауда тұрған бидайдың сапасын анықтайтын зертхана да жұмыс істеп тұр. «Біз лицензия алып, ең білікті мамандарды жалдадық. Олардың бұл саладағы тәжірибесі мол. Заңды тұлғалармен бірге жеке кәсіпкерлерге де қызмет көрсетеміз», – дейді «GROUP KSM» ЖШС директоры Бекзат Ұмытшақов. Екі жыл бойы жүзеге асырылып келе жатқан жобаның құны – 1,5 миллиард теңге. Кәсіпорынды іске қосудың нәтижесінде 45 адам жұмыспен қамтылған. Компания басшылығы болашақта қарақұмық және арпа өндіретін зауыт ашуды көздеп отыр. «Жарма шығару өте тиімді. Себебі бұл өнімнің басым бөлігі экспортқа кетеді. Тұтынушы болса, шаруаларды арпа, сұлы, тары өсіруге бағыттай аламыз», – деді облыс әкімі. Жалпы, өңірде қуаттылығы 264 мың тоннаны құрайтын алты элеватор жұмыс істейді. Бүгінгі таңда бидай сақтау қоймаларына 136 мың тонна бидай жеткізілген.