Нұрлан Нығматулин: Кәсіпкерлер сапалы тауар шығаруы керек

Нұрлан Нығматулин: Кәсіпкерлер сапалы тауар шығаруы керек

Нұрлан Нығматулин: Кәсіпкерлер сапалы тауар шығаруы керек
ашық дереккөзі
ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы желтоқсанда қол қойылған шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Осы Хаттамада Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттер 2018 жылғы 12 тамызға дейін айқындаған кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтерін 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту көзделіп отыр. «Бұл кедендік әкелу баждары сомаларын бөлудің қалыптасқан режимін сақтау мақсатында қажет», - деді ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов. Өз кезегінде Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин ЕАЭО қызметінің негізгі басымдығы тауарлардың еркін қозғалысына арналғанын еске салып өтті. «Біздің тауарлар Мәскеу, Минск және өзге де ірі қалалардағы дүкен сөрелеріне жеткізілуде. Бұл үрдісті оңтайлы нәтиже деп бағалаймыз. Дегенмен де осы жағдайларда бәсекеге қабілеттілік ең маңызды екенін есте сақтау керек. Ортақ нарық жағдайында біздің тауарлар мен қызметтерге сұраныс арта түссе, бюджеттің кірістілігі мәселесі де шешіледі. Бұған тек сапалы әрі бәсекеге қабілетті тауарлар есебінен ғана қол жеткізуге болады», - деді Н. Нығматулин.