Тасымалдаушы компанияны тәртіпке шақырды

Тасымалдаушы компанияны тәртіпке шақырды

Тасымалдаушы компанияны тәртіпке шақырды
ашық дереккөзі
Қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлағандай, көбінесе тұрақтылық кестесін бұзған, қысқа дайындығы көңіл көншітпейтін тасымалдаушыларға айыппұл салынып, бағдарлары басқа компанияларға берілді. Бұл жолы да таяқтың ұшы «Green bus» компаниясына тиді. №30, №135 маршруттар бойынша жолаушылар арасында шағымданушылар өте көп. Соған байланысты Жолаушылар көлігі басқармасы «Green bus» компаниясымен келісімшартты бұзды. «Тұрақтылық көрсеткішінің төмендігіне байланысты бұл маршруттар басқа тасымалдаушыларға берілді», – деді басқарма өкілдері. Бұған дейін әкімдік осы компаниямен №37, №79 маршруттарға қызмет көрсету бойынша келісімшартты бұзғаны туралы хабарлаған болатын. Қалыптасқан жағдайға байланысты Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасарына қатаң сөгіс жариялаған еді. Бірақ «Green bus» компаниясының айтар қарсылығы бар көрінеді. Жекеменшік компания өкілдері қоғамдық көлікте төленетін жол жүру құны бензин мен сынған автобус бөлшектерін сатып алуға жетпейтіндігін алға тартып, бағаны көтеру керек деген ұсыныс айтқанын да айта кетуіміз керек. Ең бастысы, биыл жыл аяғына дейін Алматыда қоғамдық көліктің үлесі 87 пайызға жететін болады. Өткен аптада қалаға тағы 200 жаңа автобус жеткізілді. Оның ішінде BRT желісіне 18 метрлік автобустар шықты.