Netflix компаниясы 17 жаңа сериал түсірмек

Netflix компаниясы Азияда 17 жаңа сериал түсірмек. Бұл туралы бейсенбі күні Сингапурде компанияның контент директоры Тед Сарандос мәлім етті.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Netflix компаниясының Азияда жанкүйерлері көп. Соңғы кездері Netflix компаниясы сыртқы нарыққа көбірек көңіл бөліп, инвестиция салып жатыр. Биылдың өзінде жаңа контенттерге 8 млрд АҚШ доллары мөлшерінде қаржы бөліп, соның 6,9 млрд долларын жұмсап үлгерген.

Netflix – негізінен сериалдар шығаруға маманданған америкалық компания. Компания телехикаяларының көпшілігі ақылы жазылым негізінде көрсетіледі. Netflix-ке жазылғандардың жалпы саны 130 миллионнан асады, соның жартысына жуығы АҚШ тұрғындары.

Back to top button