ЖАЙЫҚ ҮСТІНДЕГІ АСПАЛЫ КӨПІР

ЖАЙЫҚ ҮСТІНДЕГІ АСПАЛЫ КӨПІР

ЖАЙЫҚ ҮСТІНДЕГІ АСПАЛЫ КӨПІР
ашық дереккөзі
521
Жуырда Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдегі жақсы жаңалықтармен бөлісті. «Елбасы облысымызға сапар барысында өңір халқын толғандыратын, инфрақұрылымды дамыту жөнінде тұрғындардың сұранысы жоғары мәселелеріне көңіл бөліп отырады. Осы жылы келген сәтінде «Атырау-Астрахан» тас жолын 2018-2020 жылдары аяқтау туралы тапсырма берген еді. Оның сыртында Махамбет елді мекенінің қасындағы ‒ екі жақтағы 30-40 мың адамның емін-еркін араласуына, бизнесінің дамуына, сол жердегі ауыл шаруашылығы кәсіпкерлерінің ісін дөңгелетуге жағдай жасайтын, Жайық өзенінің үстінен өтетін көпірге қажетті қаражатты бөлу турасында тапсырма берген болатын», ‒ деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев. Үкімет те көпір салу жөніндегі ұсынысты қолдаған. Алдағы желтоқсан айында Жайық өзенінің үстінен өтетін аспалы көпірді іске қосу жоспарланған. Сондай-ақ, Атырау облысында жыл соңына дейін 30 әлеуметтік нысан іске қосылмақ. Атап айтсақ, 6 мектеп, 10 балабақша, 3 мәдениет үйі мен 4 денсаулық сақтау нысаны өңір тұрғындарына қуаныш сыйлайды.

Серіктес жаңалықтары