ҚазҰУ –  Үздіктер қатарында

ҚазҰУ –  Үздіктер қатарында

ҚазҰУ –  Үздіктер қатарында
ашық дереккөзі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстанның жетекші университеті мәртебесіне ие. Ол Қазақстан білімі мен ғылымының ірі орталығы, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымның инновациялық дамуының ұлттық көшбасшысы. Өз статусын сақтап қана қоймай, жылдар бойы дамытып, ілгерілетіп келеді. Жуырда Quacquarelli Symonds (QS) Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы үздік университеттер рейтингісін жариялады. Аталған тізімде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 19-орынға жайғасып, үздік 20 университеттердің қатарына енді. Осылайша аталған оқу орны халықаралық рейтингісінде үздіктер қатарына енген Қазақстан ЖОО арасында бірінші білім ордасы атанып, әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігінде жоғары бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бір айта кетерлігі, рейтинг сауалнамаларында университеттер тарапынан жүргізілген академиялық зерттеулердің саны және әлемдік беделі ескерілді. Үздік 20 университет қатарынан 5 ресейлік, 5 түрік, 3 Польша елдерінің жоғары оқу орындары орын алды. Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның үздік 300 жоғары оқу орындарының қатарына қазақстандық 25 ЖОО енді.