Шипалы алақан

Қазақстанға аты белгілі дәрігер, уролог Болат Нілдібаевпен «Манкент» шипажайында жолығып, әңгімелесудің сәті түскен еді. «Манкент» шипажайы Шымкент қаласынан 25-30 шақырым жерде жатқан атақты демалыс орындарының бірі.

Атына қанық болғанымызбен бұдан бұрын бұл кісімен жақынырақ отырып әңгімелесудің реті бола бермейтін.

Жыл сайын болмаса да, араға екі-үш жыл салып демалып кетуді әдетке айналдырғанмын. Сондықтан «Манкент» маған өз үйімдей болып кетті. Кейде бұрын бірге демалған адамдарды кездестіріп қаласың. Ондайда әңгіме тиегі ағытылып кетеді. Ара-арасында Шымкентті де аралап қайтып жүрдік. Қалаларыңыз көп өзгеріпті, жақсы жағына өзгеріпті, – деп Болат Алдабергенұлы бізге қарап бір жымиып қойды.

Болат Алдабергенұлы Нілдібаев 40 жылға жуық уақыт бойы адам жанының арашашысы болып, бүкіл саналы ғұмырын операция столының жанында өткізген адам.

Қасиетті Кереку өңірінің тумасы Ахметжан ақсақалдың екінші ұлы Рахымберлінің отбасында 1938 жылы Болат есімді ұл дүниеге келеді. Жастайынан нағашысы Алдабергеннің тәрбиесінде өскен Болатқа осы нағашы жұртының тегі беріледі.

Нағашы тәрбиесінде өскен Болат жаз болса ата-бабаның ескі қонысы Керекуге асығатын. Шөп шабатын. Іні-қарындастарымен асыр салып ойнайтын. Бірақ бауыр басқан мекені – Қарағандының Шет ауданы да ол үшін ыстық ұядай еді.

Болат Алдабергенұлы Шет ауданының орталығындағы М.Горький атындағы қазақ орта мектебін 1959 жылы тәмәмдайды. Мектепті өте жақсы бағаға бітіргенімен, әке көңілі Болатты алысқа жібергісі келмейді. Содан ауылда екі жылдай жүріп қалады. Әрине, бос жүрмейді. Әкеге қолқабысын тигізіп, совхоз жұмысына жегіледі. Араға екі жыл салып ҚазМҰУ-дің заң бөліміне оқуға құжат тапсырады. Бірақ конкурстан өте алмай қалады.

Осы арада өз әкесі Рахымберлінің әскери адам болғандығы себеп болды ма, кім білсін, Болат Алдабергенұлы туған ауылына соқпай Саратов облысының Краснокутск селосына өтіп кетеді. Сұрастыра жүріп сондағы Азаматтық авиация училищесіне құжаттарын тапсырады. Мына қызықты қараңызшы, 20 жастағы жас жігіт барлық сынақтан мүдірмей өтіп, оқуға түседі де кетеді. Онда бір жыл оқып, жазғы демалысты әрең болдырып, ауылына қайтады.

– Әке, ұшқыштардың оқуына түстім, – деп арсалаңдай жетіп келген Болатты Алдарберген ақсақал суықтау қарсы алған.

– Балам, сен ол оқуды қой. Оқитын болсаң басқа да оқу бар ғой. Солардың біріне түс. Жақындау жерде – Қазақстанның айналасында оқысаң да болмай ма, – деген екіұштылау, бірақ нығыз түрде.

Болат екінің бірі түсіп оқи алмайтын ұшқыштар училищесімен осылайша қош айтысады. Кейін байқаса әкесінің құрдастары: «Сен енді ол баладан күдеріңді үз. Ұшқыш болса, ол енді орыстың қызына үйленеді де, қайтып саған ұстатпайды» деп құлағына құйып қойған екен ғой. Сөйтіп, ұшқыш болуды армандаған талабы да орындалмай қалады.

1963 жылы Болат Алдабергенұлы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетіне құжаттарын тапсырады. Баланың бұл талабын әке де, шеше де қош көріп, оң баталарын береді.

1968 жылы мединститутты бітірген бір топ ұл-қыздардың ішінде Болат Алдабергенұлы да бар еді. Жас маман бірден өзінің өскен ортасы Шет ауданына тәжірбие жинақтау үшін 3 жылдық мерзімге жіберіледі. Жас дәрігер үшін нағыз арпалыс шақ енді басталғандай еді. Таңның атысы, күннің батысы демей үнемі шапқылауда, ізденісте, қала берді айқай-шудың ортасында жүрген сол бір кезеңдер жас маманның алғашқы өмір баспалдақтарында өшпес із қалдырған.

Үнемі өрлеу үстінде, жаңа қырынан танылу сатысында келе жатқан ол 3 жылдық міндетті мерзімі аяқталған соң Қарағанды қаласы жаққа жиі алаңдайтынды шығарады. Ия, үлкен кемеге үлкен айдын керектігі осындайда айтылса керек.

Ақыры, толассыз ойдың, талайдың тамырын басқан шипалы алақанның құдіреткүші дамыл бермей, жас маманды жетелеп отырып Қарағанды қаласынан бір-ақ шығарады. Ол кезде Мәскеудің тікелей бақылауында – «Московская обеспечение» дейтін «қызыл тізімде» тұратын шахтерлар қаласына жұмысқа тұру оңай болмайтын. Бірақ Болат Алдабергенұлына институттан соңғы қызмет істеген жері – Шет ауданының орталық ауруханасынан берілген мінездемемен ойнауға болмайтын. Онда: «Жас дәрігердің біліміне, жинақтаған тәжірибесіне өте жоғары баға береміз. Оның өзіне жүктелген жауапты жұмыстарды аса тыңғылықты әрі сапалы деңгейде атқаруға күш-қабілеті жетеді» делініп, оған сол өңірдің мүйізі қарағайдай маман-дәрігерлері қол қойып, «диагнозын» дөп басып берген еді.

Сөтіп, Болат Алдабергенұлы Қарағанды қалалық ауруханасының хирургия бөліміне бас оташы болып бекиді. Мұнда да екі жыл өте шығады. Енді салиқалы біліммен жан-жақты қаруланып алған ол арнаулы мамандық алудың жолдарын қарастыра бастайды. Ол үшін Болат Алдабергенұлына Қарағандыдағы клиникалық ординатураның екі жылдық урология бөліміне оқуға түсуіне тура келеді. Міне, осы жерде өзінің бұдан кейінгі ұстазы әрі ақылшысы болған Геннадий Шибаевпен танысқан. Болат Алдабергенұлының білікті дәрігер болып қалыптасуына осы Шибаевтың ықпалы көп болғанын айтуымыз керек.

Ол адам ағзасының ең жанды, күрделі мүшесі саналатын – бүйректі жеке зерттеуге, оны емдеудің сан қырлы әдістерін меңгеруге барынша күш салады. Бүйректің жұмысын бақылайтын аппараттар алуға тапсырыстар бере бастайды. Мәселен, орысша ғылыми атауы «Радиоизотопная ренография» деп аталатын аппаратты 1975 жылы Мәскеуден тұңғыш рет Қазақстанға осы Қарағандының клиникалық ауруханасы алдырған еді. Оның қазақша атауы – «Изотоппен бүйректің жұмысын тексеретін аппарат» дегенге жақындайды. Ал осы аппарат Қарағанды ауруханасының ауласына әкелінгенде, оны Болат Алдабергенұлы мен бастығы Шибаев екеуі арнаулы темір қораптан өздері түсіріп алыпты. Кейін оны орналастырып, алғаш іске қосқан кезде де Геннадий Шибаев екеуі сынақтан өткізгендерін қалай ұмытар. Бүйректің жұмысын тексеруде, қан айналымын бақылауда бұл аппарат сол уақыттың ғана емес, бүгінгі күннің де үлкен жетістігі ретінде бағаланып келеді.

Бірде Қарағандының орталық клиникалық ауруханасына Теміртаудан ауыр халдегі жас орыс жігіті жеткізіледі. Тексере келгенде оның бір бүйрегінде ісігі бар екені анықталды. Ота келесі күнге тағайындалады да, оны жасауға клиникалық ординатураның урология бөлімінің меңгерушісі Геннадий Павлович Шибаев және Болат Алдабергенұлы екеуі белгіленеді. Басқаша болуы мүмкін емес еді. Өйткені аурудың халі тым мүшкіл болатын. Сондықтан оған тек білікті, жан-жақты тәжірибесі бар дәрігердің көмегі ауадай қажет болатын.

Дәрігерлер өмірінде мойын бұрғызбайтын төтенше жағдайлардың тым жиі ұшырасатыны заңды да. Бұған олар да көндігіп кеткен. Ертеңіне жұмысқа келген Болат Алдабергенұлын операция столында мүлде басқа ауру күтіп жатқан еді. Бұл аурудың жағдайы да аса мәз емес. Көлік апатына түскен жас жігіттің бір бүйрегі жарылып кеткен. Шұғыл көмек қажет.

Ойланып жатуға уақыт тар. Екі дәрігер екі жақтағы операция столына асығады. Болат Алдабергенұлы қасына көмекшісін алып, көлік апатына түскен жігітпен әуре болып кетеді. Ота төрт сағатқа созылады. Әйтеуір бәрі сәтті аяқталған. Аурудың қан қысымы, жағдайы бір қалыпқа түсті-ау дегенде барып ота бөлмесінен шығып төрт сағаттық ауыр отадан кейін таза ауада кеудесін кере демалып тұрған.

Бұдан кейінгі жағдай тіпті ақылға сыймастай еді. Іштен:

– Болат аға! – деген жас қыздың дауысы шығады. Оған қоса:

– Болат Алдабергенұлы, – деп асыға шақырған Геннадий Павловичтің көмекшісі де жолығады. Қимыл-қозғалыстарында сасудың, шарасыздықтың белгілері бар сияқты.

– Не болып қалды? – дейді Болат Алдабергенұлы халатын шешпестен. – Геннадий Павлович қайда? Аурудың жағдайы қалай? – деп, сұрақтарды бірінен соң бірін жаудырып жіберді. Олар ота бөлмесін көрсеткен. Есікті ашқан күйі Болат аға да үн-түнсіз тұрып қалсын. Ота столында қан жоса болып теміртаулық жігіт жатыр, ал қасында ешкім жоқ. Анестезиолог жас қыз көзін жыпылықтатып не істерін білмей ол тұр.

Мұндағы жағдайды бірден аңғаруға болатын еді. Ауруға наркоз берілген. Ішін ашқан. Ота сәтімен жүріп жатқан. Бір кезде тапсырыс берген қан таусылған ба, әлде өзі қадірлейтін ұстазы Геннадий Павловичтің осы бір аяқ астынан тап болған шарасыздыққа шыдамы жетпеді ме, әйтеуір ота столын тастаған да, сыртқа шығып кеткен ғой.

Сонымен отаны Болат Алдабергенұлының жалғастыруына тура келді. Аурудың жағдайы, диагнозы оған таныс болатын. Тездетіп ассистентке қысқа-қысқа тапсырмаларды бере бастайды. Қан кетіп жатыр. Ал тапсырыс берген қан бітіп қалған. Қан құю орталығына тапсырыс беріп, оны әкелгенше бұл жігіт өліп кетуі мүмкін. Не істеу керек?

– Қанының тобы қандай?– деп сұрады дәрігер.

– Бірінші…

– Шұғыл қан құюға әзірленіңіздер… қанды менен алыңыздар, – дейді ол. Болат Алдабергенұлының қанының тобы да бірінші болатын. Ассистенттері дәрігерді аурудың қасына жатқызып, қанды тікелей адамнан адамға құятын әзірлікке көшеді. Бір айта кететін нәрсе – тікелей қан құю кезінде ауру адамның халі бірден болмаса да қалыптағыдан анағұрлым тез оңала бастайды екен. Ол солай болды да. 400 грамм қан алынып, ес-түссіз жатқан жігітке тікелей жүйемен құйылып біткен кезде, оның қан қысымы жоғарылап, жағдайы реттеле бастайды. Сол арада дәрігер де қою күрең шай әзірлетіп, қантты көбірек қосып, ішіп алады. Қант қосылған қою қызыл шай қанды тез толтырады, орнына келтіреді. Бұдан кейінгі жағдайды Болат Алдабергенұлы өз жазбаларында былай деп жазып қалдырған.

…Операция столына жақындадым. Не істеу керектігін алдын-ала білетін сияқтымын. Бастап кеттік. Бөлмеде өлі тыныштық орнады. Тек менің:

– Скальпель!.. Бинт!.. Қысқыш… тағы да бинт!.. деген қысқа-қысқа әмірлі үнім ғана естіледі.

Бұл жердегі арпалыс та үш сағатқа жуық уақытқа созылды. Отаны аяқтап қалған кезімде көмекші ассистент ымдап, есік жақты көрсетеді. Бұрылып қарасам есікті ашқан күйі табалдырықтың арғы жағында Геннадий Павлович келіп тұр екен. Жүзі шаршаңқы болғанымен маған ризашылығын білдіріп тұрғандай еді. Басын біресе шайқайды, біресе изеп қояды. Бір кезде оң қолын көтеріп, маған «жалғастыра бер» дегендей белгі берді де, өзі есікті жауып кетіп қалды.

Ұстазым Геннадий Павловичсіз бүйрекке жасаған тұңғыш отам осылайша сәтті аяқталды. Ауруды жан сақтау бөліміне түсірдік. Ол кейін палатаға шығып, он екі күн дегенде аяғынан тұрып, үйіне қайтты. Кейін ойлап қарасам, бүйректің ісігіне ота жасап, жартысын кесіп, жартысын іске қосу дегеніміз өте қиын әрі күрделі оталардың қатарына жатады екен ғой. Оны қайдан білейін. Жастықтың қызуымен кірісіп кеткен екенмін де деймін есіме түскенде. Әйтпесе, қазір өлім халінде жатқан адамға өз қанын беріп, өзге жан үшін арпалысу дегенді екінің бірі істей қоймайды. Ол анық нәрсе. Ал бүгінгі – қазіргідей жағдайда тіпті қиын шығар. Өйткені өзім дәрігер болған соң ба, сырқат адаммен салғыласып, саудаласып жатқан дәрігерлерді жиі байқаймын. Ондайда теріс бұрылып кетуден басқа амалың жоқ. Бетіңнен отың шығады, тіпті. Кезінде біздің ақы-пұлсыз жасаған оталарымыз бүгінде 40-60 мың долларға дейін барып жатыр. Бұл күнделікті өмірден көріп жүрген нәрселеріміз. Ал осы дұрыс па, бұрыс па, оның халыққа, қоғамға тигізіп жатқан әсері, зияны қандай дәрежеде? Біз осы жағына көбірек көңіл бөлуіміз керек сияқты.

Негізінен алғанда, медициналық ақылы қызмет көрсету жүйесінің біздің халыққа өте ауыр тигені мәлім. Жаңа жүйеге үйрену қиын болды. Оның үстіне, еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдары дәрі- дәрмекке халықтың зәрулігі арта түсті. Білікті дәрігерлер жұмысын тастап кетті, ауыстырды. Кейбірі өзінің тарихи отандарына қайтып жатты. Міне, сондай өтпелі кезеңді де бастан кешіріп, оған да төтеп бердік емес пе! Құдайға шүкір, қазір халықтың жағдайы дұрысталды ғой. Медицина саласы да өркен жайып келеді. Дегенмен, дәрігерлер арасында мәдениеттілікті, халыққа қызмет көрсетудің жақсы үлгілерін жетілдіре түсу қажет-ау деп ойлаймын. «Қалтаңда ақшаң болмаса көмек көрсетілмейді» деген принципті дәрігерлер өзінің күнделікті қағидасына айналдырып алмаса екен деймін.

Болат Алдабергенұлының осы жазбаларынан-ақ үлкен жүректі дәрігер, ардақты ұстаз ағаның сом бейнесін көруге болатындай еді. Осы арада біздің есімізге мынадай бір оқиға түсті.

1981 жылдың ақпан айы болатын. Арқаның ақ бораны бір оянып алса, айлап соғатын әдетімен көзді аштырмай айнала түтеп тұрған. Болат Алдабергенұлының жұмыстан қайтқан беті еді. Күн кешкіріп қалған. Үйге келе жатып, пошта жәшігінде жиналып қалған бір құшақ газет-журналды ала кірген. Арасында хат-хабарлар да бар сияқты. Хаттардың бір-екеуі Алматыдағы достардан, Павлодардағы туыстардан екен де, біреуі Ақмола облысының Атбасар жағынан ба еді, әйтеуір, шалғай бір ауданнан келіпті. Жазуы да қызық, жаңа сауатын ашып жүрген жас баланың қолтаңбасына ұқсайды. Болат Алдабергенұлы өзге хаттарды ысырып қойып, осы хатты ашқан. Расында да, хатты жазып отырған бірінші сыныптың оқушысы екен. Тезірек оқи жөнелген.

– Құрметті Болат аға! – деп бастапты бейтаныс хаттың иесі, – менің есімім Қаныш. Мен сізге хатты алыстан – Целиноград облысынан жолдап отырмын. Біз жақында Әліппені аяқтадық. Енді өзім жаза аламын. Сізге көп рахмет! Мен туған кезде мамам Ержанова Сараны укол салып, емдеп, маған қайтарып бергеніңіз үшін. Мен мамамды жақсы көремін…. Сосын сізді де жақсы көремін. Қош сау болыңыз. Сәлеммен Қаныш.

1981 жыл, ақпан, Целиноград облысы.

Оқушы дәптерінің бір бетін толтыра жазған бұл хаттың ұзын-ырғасы осындай еді.

«Ойпырмай, ә! Ержанова Сара…. Целиноград облысынан дейд, ә!» – деп қояды ішінен күбірлеп. Содан кейін кішкентай Қаныштың хатын қолына алып, тағы да ойға батты. «Мен туғанда емдедіңіз» дейді. Өзі Әліппені оқып бітіріпті. Яғни, бұл 1974 яки 1975 жылдары болған оқиғаға келіңкірейді екен. Болат Алдабергенұлы енді күнделік дәптері іспеттес жазба журналын ақтаруға кіріскен. Иә, иә! Мінеки! 1974 жылдың жаз айы екен ғой. Ақмоланың шалғай жерінен аса ауыр халдегі Ержанова Сара есімді келіншектің жеткізілгені енді есіне түсті.

– Босанғанына төрт күн болған Ержанованың жағдайы, расында да, тым мүшкіл болатын, – деп еске алған еді Болат Алдабергенұлы болған оқиғаның анық-қанығын одан әрі нақтылай түсіп. – Себебі жас босанған әйелдің жатыр жолдарының қаны тоқтамай қойған. Соның салдарынан, бір бүйрегіне зақым келіп, ол істемей қалған. Аудандық аурухананың дәрігерлері бар мүмкіндіктерін салып емдеген. Бірақ нәтиже шығара алмаған. Содан бізге жеткізген ғой. Өйткені жасанды бүйрек салумен біздің Қарағанды клиникасы ғана айналысатын. Оның үстіне, жасанды бүйрек салудың білімдары Әбуғали Омаровтың есімі бүкіл Республикаға тарап, дүрілдеп тұрған уағы. Содан ауру тарихын зерттеп алдық та, күн-түн демей қасында болып, емдеуге кірістік. Құдайға шүкір, еңбегіміз еш кеткен жоқ. Тәжірибемізбен біліміміздің арқасында Ержанова аяққа тұрды. Үш айдай бізде жатып емделді. Соңынан сауығып, үйіне қайтардық, – деген еді атақты дәрігер.

Осы оқиғаны есіне түсірген Қанышпен Болат аға бұдан кейін де бес-алты жылдай хат жазысып тұрыпты. Өкінішке қарай, кейінгі кездері байланыстары үзіліп калған.

– Бір күні Қаныш бала мені есіне түсіріп «Болат аға, мен Қанышпын ғой!» деп іздеп келсе, оған менің есігім ашық. Өмір осындайымен де мәнді емес пе! – деп қойғанды ұнататын Болат Алдабергенұлы.

Болат Алдабергенұлының Қарағандыдағы облыстық көпсалалы диагностикалық орталықта жоғары категориялы дәрігер болып қызмет істеген жылдары өз алдына бір төбе. Қиыны мен қызығы аралас сол бір кезеңдер оның нағыз өсу, өркендеу шағы болатын. Қазақстанның түкпір-түкпірінен ағылған адамдар бұл кісінің алдын көруге кезекке тұратын. Негізінен алғанда бүйрекке, қуыққа жасалатын күрделі оталар облыстық аурухананың урология кафедрасында жасалады. Ал Болат Алдабергенұлы осы диагностикалық орталыққа ауысқаннан кейін урология кафедрасымен деңгейлес дәрежеде қуыққа, бүйрекке ота жасауға рұқсат алған бірден-бір маман еді. Әсіресе, қуықты ашпай, оны жабық түрде емдеуде жаңа қырынан танылып, оны Қазақстанда тұңғыш рет жүзеге асырған да осы Болат Алдабергенұлы болатын. Егер көзі тірі болса, Болат Алдабергенұлы биыл 80 жасқа толар еді.

Сейітхан Зеберханұлы

Түркістан облысы

Редакция таңдауы

125 жыл бұрын төртем тапқан қазақ әйелі

Адам баласының ең басты парызы − дүниеге ұрпақ әкелу. Өйткені адамзаттың тіршілігі солай жалғасады. Осы орайда, қазақ халқының «Байлық − қолда еріген мұз, бала...

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түрікменстандағы қандастарымыз атамекен Қазақстанға көшіп келді. Мемлекеттік органдар құжат, көлік мәселелір шешіп, барлығы 153 азаматты,...

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...
Тұңғыш Президент

Бұл – қазақ халқының шексіз дархандығының жарқын үлгісі.

Джамалайл ЭЛИМХАНОВ, «Емир-Ойл» ЖШС басқарма басшысы: Қазақстан Тәуелсіздік алған сәттен бастап Тұңғыш Президентіміз...
unnamed

1 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

Бүгін – елімізде Алғыс айту күні. Бұл мереке  ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан...
mattt

125 жыл бұрын төртем тапқан қазақ әйелі

Адам баласының ең басты парызы − дүниеге ұрпақ әкелу. Өйткені адамзаттың тіршілігі...

Жаңалықтар

Наурыз айында күн райы қандай болады?

Еліміздің көптеген аймақтарында күнтізбелік көктем белгіленген мерзімде келеді. Бұл туралы «Қазгидромет» орталығы мәлімдеді.  Консультативтік болжамға сәйкес 2021 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының басым бөлігінде циклондардың өтуімен және...

Таразда Алғыс айту күніне орай 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды

Алғыс айту күніне орай былтыр ғана облыс орталығында бой көтерген «Қазақ халқына мың алғыс» монументінің маңында мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Онда қалалық зиялы қауым өкілдері,...

Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесі қаза болған отбасыға баспана берілді

Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесі қаза болған Текебаевтар отбасына жаңа баспана берілді. Oқиға биыл 18 ақпанында облыс орталығындағы Әл-Фараби мөлтек ауданында орын алды. Оқиға орнына шұғыл жеткен...

Алматыда КамАЗ көлігі жер астына түсіп кетті

Алматыда КамАЗ жүк көлігі жер астына түсіп кетті. Оқиғаның видеосын куәгерлер таратты, ал дәрігерлер көлік жүргізушісі жарақат алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әлеуметтік желілерде...

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ. Адамға алғыс айтқанымыз – Аллаға шүкір еткеніміз

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Аллаға мадақ, пайғамбарға салауаттар болсын! Елімізде шуақты көктемнің алғашқы күні алғыс айту мерекесімен басталады. Баршаңызды бірлік пен мейірімге...

Асқар Мамин «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті

Премьер-Министр Асқар Мамин «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинді қабылдады, – деп хабарлады primeminister. Тараптар ғарыш саласындағы Қазақстан – Ресей ынтымақтастығының...

«Nur Otan» партиясының жанынан 9 жаңа қоғамдық кеңес құрылады

Осылайша, олардың жалпы саны 14-ке жетті, – деп хабарлады партияның баспасөз қызметі. «Nur Otan» партиясының Лидері, Елбасы Н.Назарбаевтың партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»...

Талдықорған қаласына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Жасыбаев Ержан Бәкірбайұлы Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Ержан Бәкірбайұлы Жасыбаев 1965 жылы...

Белгілі әнші Индира Еділбаева «Nur Otan» партиясын таңдады

«Nur Otan»-ның құрылғанына 22 жыл толуына орай, партияның Алматы қалалық филиалы белсенді және жігерлі алматылықтармен толықты. Партияның жаңа өкілдері қатарында денсаулық сақтау, мәдениет және...

Әуе компанияларының табысы 41% азайды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әуе компанияларының жылдық табысы 41% төмендегенін, ал жолаушылар тасымалы қызметі 6 пайызға арзандағанын хабарлады. Биыл қаңтарда еліміздің әуе компанияларының кірісі...

Белгілі журналистің еміне қаржы жиналуда

Бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді. Шараның негізгі мақсаты – көмекке мұқтаж жандарға көпшіліктің атсалысуымен қолұшын созу, мейірімділікті, қайырымдылықты насихаттау, қайырымды жандарға алғыс...

Атырау дәрігерлері Алғыс айту күніне орай челлендж бастады

«Мерекелік шараға өңірдегі 35 медициналық ұйымның қызметкерлері қатысты»,-деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. «Туған елге мың алғыс!» челленджі өңірде бір апта бұрын...

Дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге жетеді – министр

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2023 жылы дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге жететінін айтты. Ведомство басшысы Президенттің биылдан бастап дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңімен көтеру міндетін қойғанын...

Әлем тұрғындарының қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар екені анықталды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатан Жер бетіндегі тұрғындардың қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар екенін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.  Ұйым...

Әлемдік ақпарат кеңістігіндегі Қазақстан имиджі

Ақпарат кеңістігінде мемлекеттің имиджі мен медиаобразын жасау – дамушы елдердің алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі. Қазақстан тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде дүние жүзінің алпауыт...

Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды

Осы көктемде 13 500-ден астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші ел Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады. Қорғаныс ведомствосы...

ҚазҰУ ректоры француз ғалымдарына бірлескен археологиялық зерттеулер жасауды ұсынды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейт Түймебаев Қазақстандағы Франция Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Дидье Канеспен кездесіп, ғылым-білім  және мәдени бағыттар бойынша өзара ынтымақтастықты тереңдету...

Ресейдің ең бай депутаты қамауға алынды

Ресейдің Сахалин облыстық Думасының миллиардер депутаты Дмитрий Пашов қамауға алынды, деп хабарлайды РИА Новости.  Сот оған екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану...

«Борат 2» ең үздік комедия ретінде «Алтын глобус» лауреаты атанды

Лос-Анджелес пен Нью-Йоркте кино және теледидар саласындағы "Алтын глобус" сыйлығының 78-ші марапаттау рәсімі өтті. Коронавирус пандемиясына байланысты марапаттау тарихта алғаш рет виртуалды форматта өтті.  Ең...

Түркістандағы қайғылы оқиғаға қатысты алғашқы мәліметтер жарияланды

Түркістан қаласында орын алған қайғылы жағдайдың себебін анықтау үшін құзырлы органдардан құрылған топ болған жайтты жан-жақты тексеріп жатыр. Орын алған оқиғаның мән-жайын анықтаумен айналысатын...

15 жыл бойы қос азаматтығын жасырып келген павлодарлық жазаланды

Қос азаматтығын жасырып келген Павлодар облысы Железинка ауданының тұрғыны айыппұл арқалады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Аудандық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Железинка аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінің...

Бұл – қазақ халқының шексіз дархандығының жарқын үлгісі.

Джамалайл ЭЛИМХАНОВ, «Емир-Ойл» ЖШС басқарма басшысы: Қазақстан Тәуелсіздік алған сәттен бастап Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев әрбір азаматтың өз Отанында қауіпсіз және жарқын өмір сүруі үшін және...

COVID-19: Елорда «сары» аймаққа енді

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2021 жылдың 1 наурызы күнгі қазақстан амақтарындағы эпидемиялық жағдайды бағалау матрициасын жариялады. Бұл туралы...

Бүгін «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толды

Бүгін «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толды. Партияның құрылуы мен қалыптасу тарихы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. 1998 жылғы 21 қазанда Қазақстан...

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ержан Ерікұлы Біржанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады. Ержан Біржанов 1979 жылы Солтүстік...

Алматы түрмесінен қашқан сотталушы Ақтөбеде ұсталды

Алматыдағы бас бостандығынан айыру орындарының бірінен қашып шыққан адам Ақтөбеде қолға түсті, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі. «Алматы...

«Nur Otan» қатары жаңа мүшелермен толықты

Партияның 22 жылдық мерейтойы қарсаңында «Nur Otan» облыстық филиалында салтанатты түрде партия билеттері табыс етілді. Партияның аймақтық филиалының төрағасы, облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов партия...

«Тұмар-2021» ұлттық телевизиялық байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Бүгіннен бастап tvtumar.kz сайтында «Тұмар-2021» ұлттық сыйлығын алуға өтінімдер қабылдау басталды. Сыйлыққа 2020 жылы қазақстандық телеарналардың эфиріне шыққан телевизиялық жобалар қатыса алады. Өтінімдерді республикалық және...

Америкалық телеарна Трамптың саяси жоспарларын ашты

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп елде жаңа партия құру мүмкіндігін қарастырмайтынын жариялайды. Оның саяси жоспарларын американдық Fox News телеарнасы ашты. "Біз жаңа партиялар құрмаймыз және...

Президент: Біртұтас және еңбекқор ұлт болсақ, көздеген мақсаттарымызға жетеміз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады. «Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасы 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында жариялаған осы...

Ақтауда жәндіктерді уламақ болған әйел көршісі мен оның 10 айлық сәбиін өлтірді

Пәтердегі жәндіктерді уламақ болған Ақтау тұрғыны көршісі мен оның 10 айлық сәбиін өлтіріп қойды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникациялар орталығына сілтеме жасап Lada.kz хабарлады.  Зарарсыздандыру құралынан...

Елбасы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды Elbasy.kz. Қымбатты отандастар! Алғыс айту күні Қазақстан халқының бірлігін паш етеді,...

2020 жылдың ең танымал құпиясөздері анықталды

2020 жылы қандай құпиясөздер жиі қолданылды? Бұл сауалға DLBI деректер ағынын барлау қызметін жасаған зерттеуге сілтеме жасай отырып "Известия" басылымы жауап берді.  Рейтинг көшбасшысы тағы...

Жел, көктайғақ: Еліміздің 9 өңірінде ескерту жарияланды

1 наурызда елорда мен 8 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет". 1 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында жел, көктайғақ болады. Оңтүстік - батыстан соққан...

1 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

Бүгін – елімізде Алғыс айту күні. Бұл мереке  ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен бекітілген. 1995 жылдың 1 наурызында елімізде...

125 жыл бұрын төртем тапқан қазақ әйелі

Адам баласының ең басты парызы − дүниеге ұрпақ әкелу. Өйткені адамзаттың тіршілігі солай жалғасады. Осы орайда, қазақ халқының «Байлық − қолда еріген мұз, бала...

Бүгін – Жамбыл Жабаев дүниеге келген күн

Бұдан 175 жыл бұрын 99 жасына дейін жүрегінен жыр төгілген ақын,  дүлдүл жырау, жүйрік жыршы, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жамбыл ЖАБАЕВ (1846-1945)  дүниеге келді. Ол...

NASA Марстың алғашқы панорамасын жариялады

АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) Ровер Perseverance түсірген Марстың алғашқы панорамалық суреттерін жариялады. NASA алдағы апталарда көптеген қызықты суреттері жариялайтынын мәлімдеді.  

Қожа Ахмет Ясауидің мөрі мен шежіресі табылды

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған «Ясауи ізімен» ғылыми-экспедициясы аясында Өзбекстан Республикасының Наманган қаласынан Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір...

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түрікменстандағы қандастарымыз атамекен Қазақстанға көшіп келді. Мемлекеттік органдар құжат, көлік мәселелір шешіп, барлығы 153 азаматты,...

«Наконец-то» Бекшин алматылықтарға үндеу жасады

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин наурыздағы мерекелер алдында қала тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды өңірлік СЭБД баспасөз қызметі. Бекшин үндеуінде алматылықтардан...

Армениядан жеткізілген көліктердің тіркеу мерзімі ұзартыла ма?

Қазақстанға Армениядан жеткізілген көліктерді тіркеу мерзімі 1 наурызға дейін ұзарды, - деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. ІІМ мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 1 ақпанына...

Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту туралы жоспарын айтты

Еліміздің жоғары оқу орындарындағы журналистика факультеттерінің оқу бағдарламалары зерделенеді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева inbusiness.kz сайтына берген сұхбатында айтты. Министрдің айтуынша, қоғамдық...

Қытай келісімдерді елемей, қазақ пойыздары қараусыз қалып жатыр

"Жүк жөнелтушілердің бастамасымен Қытайға тауарларды қабылдауға уақытша тыйым салу енгізілді", – деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы (ҰК)»АҚ баспасөз қызметі. «ҚХР-мен шекарадағы бекеттерде жағдай...

Ресейде тіркелген көліктер Қазақстанда жүре алмай ма?

  Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанның Бас прокуратурасы атынан жалған бұйрық таратылған деп хабарлайды  тengrinews.kz сайты. Аталған «құжатта» Ресейде тіркелген автокөлік иелеріне Қазақстан аумағында жалпы сенімхатсыз...

ЕСКІ ЖАРАНЫҢ АУЗЫН ТЫРНАУ ЕСТІНІҢ ІСІ МЕ…

Адам баласы туғанда бір-бірінен артық-кемі жоқ қызыл шақа болса да, өсе келе олардың бәрі өз бетінше өзгеріп, даралана бастайды. Өйткені уақыт ағымындағы түрлі әсерлер...

Елімізге Түрікменстаннан 153 қандасымыз көшіп келді

Бүгін Түрікменстан Республикасынан 153 қандасымыз тарихи Отанына көшіп келді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. 2020 жылы әлемде орын алған пандемияға байланысты елімізде көшіп–қонушылар ағыны кейінге қалдырылған болатын....

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип...

Мәди Манатбек жаңа қызметке тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы міндетін атқарушы болып Мәди Манатбекұлы тағайындалды. Мәди Манатбекұлы 1978 жылы 25 мамырда дүниеге...

Бас прокуратура үндеу жариялады

Әлеуметтік желіде жекелеген тұлғалар елдің әртүрлі аймақтарында заңсыз митингіге   шақырып жатыр. Осыған байланысты ҚР Бас прокурорының орысбасары Б.Б. Дембаев үндеу жариялады. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының...

Вице-министрдің не үшін қамалғаны белгілі болды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтің ұсталуына қатысты түсінік берді. «Мәдениет және спорт вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу...

Елбасы Түркия президентін құттықтады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Әңгіме барысында Елбасы Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтап, зор...

Полиция қызметкерлері жүкті әйелді автокөлікте босандырып алды

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері келіншекті автокөлікте босандырып алды. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 26 ақпанға қараған түні Самара-Шымкент автожолы...

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды

Бүгін жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын республика көлемінде ресми түрде мерекелеу басталды. ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев елордадағы Жамбыл ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Қ.Қуанышбаев атындағы...

COVID-19: Әлемде екпе салдырғандар саны індет жұқтырғандардан екі есе көп

Әлемде коронавирусқа қарсы екпе алған адамдардың саны пандемия басталғалы індет жұқтырғандардың жалпы санынан екі есе көп, деп хабарлайды ТАСС.  Қазіргі уақытта шамамен 227 миллион адам...

Әзірбайжан Таулы Қарабақта әуежай құрылысын бастады

Әзірбайжан билігі Таулы Қарабақта халықаралық әуежай құрылысы басталатынын мәлімдеді. Нысан Иранның шекарасына жақын жерде, Шуша қаласынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан Физулиде бой көтереді. Ел президенті...

Алғыс айту күні: Елордада мерекеге орай қандай шаралар өтетіні белгілі болды

Елімізде 1 наурызда Алғыс айту күні атап өтіледі. Бұл мерекеде елордалық театрлар медицина қызметкерлерін, эпидемиологтарды, педагогтарды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін спектакль көруге шақырады, деп...

Жол карталарын іске асыруға мониторинг жүргізу үшін цифрлық платформа әзірленеді – Б.Байбек

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында партияның алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, 1 наурызда «Nur Otan» партиясының құрылғанына...

Ақтөбе облысында 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті

Бүгін, 26 ақпанда сағат 11:55-те Шалқар ауданының Ұлпан теміржол станциясында 43 вагон құрамының 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті. Оның ішінде 13 цистерна аударылып, ұзындығы...

Винсент Ван Гогтың «Монмартрдағы көше көрінісі» картинасы сатылымға шығарылды

Винсент Ван Гогтың әйгілі картинасы – "Монмартрдағы көше көрінісі" саудаға шығарылды. Сурет бұрын-соңды көпшілік назарына ұсынылмаған, картина қайтадан сатылғанға дейін, Қытайда содан кейін Голландияда...

Қызылордада сауна әкімшісі жеңгетайлықпен айналысқан

Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан азаматша ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. "Қызылорда қаласында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлықпен айналысып жүрген азаматша анықталды. Облыс орталығындағы сауналардың...

Білікті хирург қандасымыз: Орыс тілін білмегендіктен базар жағалап кеттім

https://youtu.be/zzD6QU3BF6M Сюжет авторы Нұржан ТҰРҒЫМБАЙ Тілші Ділда Уәлибек

1 наурызда әскерге шақыру басталады: Қорғаныс министрлігі негізгі өзгерістерді атады

13 мыңнан астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші көктемгі шақыру кезінде еліміздің Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады....

Қырымбек Көшербаев Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды

Елордада Ж.Тәшенов және Амман көшелерінің қиылысында Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті. ҚазАқпараттың хабарлауынша, шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Мәдениет және спорт...

Қырғызстан президенті Путинге не сыйлағанын айтты

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресейге жұмыс сапары кезінде Владимир Путинге қылыш сыйлады. Бұл туралы ол "Россияская газетаға" берген сұхбатында айтты. "Бұл қылышты Қырғызстанның ең мықты...

Елімізде азық-түлік жеткізу нарығы 75 пайызға өскен

2020 жылы Қазақстанда азық-түлік жеткізу нарығы 75% - ға өсті. Бұл туралы Chocofood қызметінің директоры Николай Щербак хабарлады, деп хабарлайды LS. Карантинге байланысты Қазақстанда азық-түлік...

Әлемде коронавирус құрбандарының саны 2,5 миллионнан асып жығылды

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 113,5 млн-ға жетті.  Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, індет жұқтырғандардың 89 миллионы емделіп шықса, 2 507 624-і қайтыс болды. COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша...

Семейде 1879 жылы салынған тарихи ғимарат өртенді

Ғимараттағы өрт тек таң ата ауыздықталған. https://youtu.be/AwAQx5E_MLA Өрт 26 ақпанда Абай даңғылында 00 сағат 46 минут шамасында басталған. Өртті сөндіруге барлығы 19 техника, 55 адам жұмылдырылды....

Алматы облысында Ан-2 ұшағы мәжбүрлі түрде қонды

"Азия Континенталь" әуе компаниясының Ан-2 әуе кемесі Боралдай - Кеген бағыты бойынша РРК5481 санитарлық рейсін орындау кезінде Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 км...

Омбыда Халықаралық ана тілі күні атап өтілді

2021 жылғы 24 ақпанда халықаралық ана тілі күніне орай Қазақстанның Омбыдағы Консулдығының басшысы Ырысқали Дәуренбек «Омбы қазақтары» аумақтық қоғамдық ұйымының басшылығы, жергілікті қазақ тілі...

Елімізде сүт өндірісі бойынша қай өңір көш бастап тұр?

Шығыс Қазақстан облысы сүт өндірісі бойынша республикада көш басында тұр. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов халыққа есеп беру барысында айтты. «Соңғы бес жылда...

Ең сұлу волейболшылар рейтингі: Ресейлік спортшы Сабина Алтынбекованы басып озды

Грек басылымы Gazzetta планетаның ең сұлу волейболшы аруларының рейтингін жариялады. Рейтингте 25 жастағы ресейлік Алиса Маненок көш бастады, деп хабарлайды Politic. Бұған дейін аталған рейтингте...

Теміртау қаласының әкімі тұрғындардан кешірім сұрады

Теміртау қаласын жылумен қамтамасыз ететін ЖЭО-2 жұмысында ақау болып, тұрғындар аязда жылусыз қалды. Келтірілген қолайсыздық үшін Теміртау қаласының әкімі Қайрат Бегімов өңір халқынан кешірім сұрады. Мамандар...

2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді

2021 жылы Қазақстанда Көші-қон саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы...

Әлемдік ТОП-50 қатарына енген Қазақстан дзюдошылары

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Тель-Авивте өткен әлемдік «Үлкен шлем» турнирінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Olympic.kz. Жаңартылған рейтинг бойынша ТОП-50 қатарына енген қазақстандық дзюдошылар...

Президент Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады, – деп хабарлады Ақорда. Кездесу барысында Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның қазіргі...

Жамбыл Жабаев – 175: Киевте поэзия кеші өтті

Бұл жайында Қазақстанның Украинадағы елшілігі Facebook парақшасында мәлім етті. Қазақтың көрнекті суырып салма ақыны Жамбыл Жабаевтың туған күні қарсаңында Киевтегі қазақ диаспорасы мен Қазақстанның Украинадағы...

«Nur Otan» Партиялық бақылау комитетін Артур Платонов басқарады

Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып Артур Платонов тағайындалды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді. «Артур...

Нұр-Сұлтанда банк тонамақ болған күдіктілер ұсталды

Түн ішінде елордадағы банктердің бірінің ғимаратына есігін сындырып кірген екі күдікті ұсталды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, түнгі сағат 02:30-да ішімдікке еліткен 2 жігіт шыны...

Қарағандылық судьяның ісін Жоғарғы сот қарайды

Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабековтің ісі Жоғарғы сотта қаралады. Судьяның әріптестері оның әрекеті судья әдебі кодексіне қайшы келетінін айтады. Алайда оған қатысты шешім...

Бүгін елорда мен Ақмола облысының оқушылары қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысында ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды. «26 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9...

Өткен тәулікте 855 адамда коронавирус расталды

Қазақстанда өткен тәулікте 855 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 135, Алматы қаласы - 110, Шымкент қаласы -...

COVID-19: АҚШ-та вакцинаның күшін әлсірететін вирустың жаңа түрі пайда болды

Калифорния технологиялық институты мен Колумбия университеті ғалымдарының пікірінше, коронавирус инфекциясының жаңа нұсқасында кездесетін мутация оған иммундық жүйенің әсерін сезінуге кедергі келтіреді, – деп жазды...

«Ұлы дала таңы» фильмінің түсірілім жұмысы басталды

Алматы облысы Панфилов ауданы Көктал ауылының маңында режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» толықметражды тарихи көркем фильмінің түсірілімі басталды, – деп хабарлады «Қазақфильм» киностудиясының...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет

«Қазгидромет» мамандары 26 ақпанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады. Қазақстан аумағының басым бөлігінде фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей уақытта қар жауады....

Марсқа қонған Perseverance тіршілік іздейді

Бейсенбі күні кешке NASA ғарыш агенттігі Марсқа жаңа Perseverance (Персеверанс) роверін қондырды (ағыл. – табанды, қайсар), - деп хабарлайды ВВС. Ровердің Қызыл ғаламшардағы басты міндеті...

Армения Қарулы күштері Пашинянның отставкаға кетуін талап етті

Армения әскері елдің премьер-министрі Никол Пашинян мен оның үкіметінің отставкаға кетуін талап етті, - деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі.  Бас штаб басшысы Оник Гаспарян қол...

Доллар бағасы тағы да арзандады

Теңгеге қатысты доллардың ресми бағамы төмендеді. Ұлттық банк 26 ақпандағы америкалық валюта бағамын атады. Жұмада теңгеге шаққандағы доллардың ресми бағамы 414,77 теңге болады. Бұл ретте...

Қазақстанда аяз 40 градусқа дейін көтеріледі

26 ақпанда Қазақстанның 11 өңірінде ауа райы нашарлап, 35-40 градус аяз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет". Жамбыл облысында, Тараз, Жезқазған, Қарағанды ​​облыстарында, Қарағанды, Жезқазған, Солтүстік Қазақстан,...

YouTube видеохостингі ата-ана бақылауы режимін енгізеді

Youtube платформасы ата-ана бақылауын орнатуға мүмкіндік беретін жаңа опцияны ойлап тапты. Бастапқыда YouTube видеохостингін жасаушылар 13+ жастағы бейнеге кіруді шектеді, сонымен қатар ата-аналарға балаларын...

Артур Төлепов әкімнің кеңесшісі болып тағайындалды

Актер Артур Төлепов Алматы қаласы ”Алатау” ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалғанын айтып, халықтан қолдау сұрады. Ол өзінің әкімнің кеңесшісі болып тағайындалғаны жөнінде Instagram...

«Құлағым үсіп қалды». Желіде үскірік аязда жолда қалған қарағандылықтың бейнежазбасы қызу талқылануда (видео)

Әлеуметтік желілерде үсік шалып, аяз салдарынан зардап шеккен қарағандылықтың видеосы кеңінен талқылануда. Instagram желісіндегі shock_krg парақшасына жүктелген видеода ол Қарағанды облысы Шет ауданы Батық ауылына...

Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалуда көмек көрсетуде

Алматының жастар ресурстары орталықтарының белсенділері мен жас отандықтар қарт адамдар мен коммуналдық қызметкерлерге көмектесу үшін қар тазалау акциясына шықты. Алматыда 24 ақпанда сағат 16.00-дан бастап...

Сауль «Канело» Альварес: «Головкинді сұлатып түсіремін»

Мексикалық былғары қолғап шебері Сауль «Канело» Альварес журналистердің оның Геннадий Головкинге қарсы үшінші кездесу өткізуді қай уақытқа жоспарлап отырғаны туралы сұраққа жауап беруден мезі...

Исламжан Насыров ҚПЛ-дан неге «қашып кеткенін» түсіндірді

Екатеринбургтік "Оралдан" ҚПЛ-ға ауысқан Исламжан Насыров "Тұраннан" (бұрынғы "Арыс") кетіп қалды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет өзінің телеграм-каналында хабарлады. Бәрі жақсы сияқты болған, Насыров матчтардың...

Facebook ақпарат индустриясын қолдау үшін 1 млрд доллар инвестицияламақ

Американың Facebook компаниясы алдағы үш жылда ақпарат индустриясын қолдау үшін 1 млрд доллар қаржыны инвестициялауды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның жаһандық саясат және коммуникациялар...

Тұрғын үй бағдарламасымен жастарға берілетін баспана құны қанша?

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы арқылы берілетін баспана бағасы қанша теңгеге айналатынын айтты. «Қазір Нұр-Сұлтан мен Алматыда...

Мемлекет басшысының Ұлттық кеңестің V отырысында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында сөйлеген сөзін жарияланды. Құрметті жиынға қатысушылар! Ұлттық кеңестің қызметі әуел бастан қоғамның ерекше назарында. Оның жұмысына...

Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады

Кездесуде «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын әрі қарай жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ сайлауаралық кезеңдегі партияның жұмыс жоспары талқыланды. «Nur Otan» партиясының Төрағасы...

Алматы-Бішкек тас жолында 7 көлік соқтығысты

Алматы-Бішкек тас жолында қалың қар мен көктайғақ салдарынан 7 көлік соқтығысты. Оның ішінде біреуі жолаушылар автобусы. Бір адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін үйіне...