БАЛЫҚ – БАЙЛЫҚ КӨЗІ

БАЛЫҚ – БАЙЛЫҚ КӨЗІ

БАЛЫҚ – БАЙЛЫҚ КӨЗІ
ашық дереккөзі
275
Жамбылдық балықшылар мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие болмақ. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов балық шаруашылығын дамытамын деген азаматтарға 6 пайызбен 12 миллион теңгеге дейін несие беру жайы қарастырылатынын айтты. Мұндай бастама балықшылармен қатар жеке кәсіпкерлердің де көңілінен шығып отыр. Басқосу барысында облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұржан Нұржігітов  өңірдегі 115 ірі су айдынына тексеру жүргізілгенін жеткізді. 103 су айдынының болашағы бар әрі балық өсіруге қолайлы. Облыста жыл сайын 3880 тонна балық тұтынылатын болса, соның 2465 тоннасы басқа облыстардан импортталады.  Асқар Исабекұлы осыған баса назар аударып, күн тәртібіндегі және жиында көтерілген мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар  берді. Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке бизнесті өркендетудің тұрақты көздерін қалыптастырып, жеке инвестицияны ынталандыру және нарық еркіндігін қолдау туралы тапсырма берген болатын. Елбасы осы арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың басым бөлігі табыспен қамтамасыз етілетінін айтқан. Осы орайда ел экономикасы мен адамдардың тұрмыс сапасын арттырып, бизнестің тұрақты көзі саналатын саланың бірі ‒ балық шаруашылығы.

Серіктес жаңалықтары