Қазығұрт ауданында 64 отбасы баспаналы болды

Қазығұрт ауданында 64 отбасы баспаналы болды

Қазығұрт ауданында 64 отбасы баспаналы болды
ашық дереккөзі
Түркістан облысының Қазығұрт ауданында баспана кезегінде тұрған 64 отбасы қоныс тойын тойлады, деп хабарлайды «Хабар 24». «Болашақ» шағын ауданынан бой көтерген 16 пәтерлі 4 тұрғын үйдің кілтін алғандардың дені – аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жетім балалар. Сонымен қатар бұл баспанадан мемлекеттік қызметкерлер де тыс қалмаған. Келешекте ауданда «7-20-25» бағдарламасымен көпқабатты 2 тұрғын үй салынады. Бауыржан Артықбаев 20 жылдан бері мемлекеттік қызметпен біте қайнасып келеді. Оның баспана кезегінде тұрғанына 15 жылдан асыпты. Осы уақытқа дейін ауданға Қақпақ ауылынан қатынаған. Ол, әсіресе, қыстың күні қиын болғанын айтады. Енді Бауыржанның отбасы үш бөлмелі жылы әрі жарық үйде тұратын болады. «Бұл күнді көп күттік», – дейді үй иесі. Мұндағы тұрғын үйлер заман талабына сай салынған. Ауызсу, табиғи газ бен жарық жүйелері тартылған. Балалар ойнайтын аула мен тұрғындар үшін көлік тұрағы бар. Облыстық бюджет қаржысына тұрғызылған бұл баспаналар Қазығұрт ауданының 90 жылдығына тарту ретінде беріліпті. «Келешекте «7-20-25» бағдарламасымен тағы бірнеше көпқабатты тұрғын үй салу жоспарда бар», – дейді коммуналдық салаға жауапты мамандар. «Үй кезегінде 393 отбасы тұр. Соның 64 отбасына берілді. Енді 317 отбасы тізімде қалды. «7-20-25» бағдарламасы бойынша келесі жылдары тұрғын үй беріледі. Ауданда салынып жатыр», – деді Қазығұрт аудандық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің жетекші маманы  Әкімжан Әбдіәкім. Облыста көпқабатты тұрғын үй салуға ниетті жеке инвесторлар қатары көбейген. Елбасының 5 әлеуметтік бастамасының бірінші бағытындағы  «7-20-25» бағдарламасы аясында өңірде жеке үй салушылардың қаржысымен жүзден аса көпқабатты үйдің құрылысы басталған.