Мал санағы неге болмайды?

Мал санағы неге болмайды?

Мал санағы неге болмайды?
ашық дереккөзі
2214
Қазақстанда соңғы 12 жылдың ішінде мал басының санағы бірде бір рет жүргізілмеген. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік статистика туралы заңнама құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланған отырыста сенаторлар комитет төрағасына Қазақстандағы мал басына неліктен санақ жүргізілмейтіні туралы сауал қойды. Көрші Ресейде 10 жылда бір рет ауыл шаруашылығы санағы, 5 жылда бір рет мал басының 30 пайызын қамтитын кіші санақ жүргізіледі. Осы жерде аздаған шегініс жасасақ. Осыдан 5 жыл бұрын сол кездегі ҚР Премьер-министрі 2013 жылдың соңына дейін елдегі мал басының идентификациясын аяқтауды тапсырған-ды. Ауыл шаруашылығы экс-министрі Асылжан Мамытбеков тапсырманы орындауға қамданып, БАҚ өңілдері «Қазақстанда мал санағы жүреді» деп жарыса жазды. Ал Қазақстан Үкіметінің сол кездегі басшысы: «Біздің елде малдың есебін жүргізудің орнықты жүйесі болмайынша, мал шаруашылығының дамуы болмайды. Біз Қазақстанда қанша мал басы барын іс жүзінде де, электронды форматта да білуіміз қажет. Бір пернені басу арқылы, малдардың барлық түрлері бойынша, қой, түйе, жылқы, ірі қара мал саны қанша, аналық бастың саны мен олардың төлдері жайында толық ақпаратты көрсететін электронды жүйе болуы тиіс. Бірақ идентификация болмайынша, оны құру мүмкін емес», ‒ деп ағынан жарылған болатын.

Серіктес жаңалықтары