Аудан аты – адамға қуаныш

Сондай-ақ!

Әшімбаев: Оралмандар мемлекет есебінен күн көргісі келеді

Саясаттанушы Данияр Әшімбаевтің пікірінше орыстардың Қазақстаннан үдере көшуі жақсы үрдіс емес. Сарапшының stanradar.com сайтына берген сұхбатынан қысқа да нұсқа үзінді ұсынады. Былтыр біздің елден 45,2 мың адам...

Намбарын Энхбаяр: Көреген және батыл болудың себебі (Елбасы туралы)

Моңғолияның үшінші Президенті Намбарын Энхбаярдың Тұңғыш Президент күніне орай жазған “Көреген және батыл болудың себебі” туралы мақаласын ұсынамыз. 1. Қазақ халқының мейірімділігі, кең көзқарастығы жөнінде 2012...

1 желтоқсанда отшашу және бұқаралық іс-шаралар өту-өтпеу туралы белгілі болды

1 желтоқсанда Нұр-Cұлтан мен Алматыда сауда ортылықтары мен қоғамдық көліктің жұмыс режимі белгілі болды. Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі Тұңғыш Президент күні қоғамдық көлік қалыпты режимде...

Маңғыстауда 3 күн теңізде болған жұмысшылар құтқарылды

Маңғыстау облысында 3 күн теңізде болған 7 жұмысшы құтқарылды. Басылымның мәліметінше, жеке компанияның қызметкерлері 3 күн бойы мұздың қатуы салдарынан жағалауға жете алмаған., -...

Бүгінде еліміздің солтүстік, шығыс, батыс өңірлерін қазақыландыру ісі қызу қолға алынуда. Соның бір дәлелі ретінде таяуда ғана Қостанай облысындағы Таран ауданына Бейімбет Майлиннің аты берілді, ал Шығыс Қазақстан облысындағы Зырян ауданын Алтай деп атау туралы шешім бірауыздан мақұлданды.

Таран ауданы мәдениет үйінде тұрғындардың қатысуымен қоғамдық тыңдау өтіп, бірнеше сағатқа созылған жиын нәтижесінде ауданды Бейімбет Майлин есімімен атау жөнінде шешім қабылданды. Осы күні Таран ауданындағы Таран ауылына Әйет есімін беру мәселесі де талқыланып, тұрғындар тарапынан оң шешімін тапты. Жиында ақын Ақылбек Шаяхмет, бейімбеттанушы-ғалым Жұмабек Табын, профессор Қалқаман Жақып сөз сөйлеп, бастаманың маңызына тоқталды.

«Бұл – біраз жылдан бері айтылып келе жатқан мәселе. Бүгінгі қоғамдық тыңдауда бұл түйткілге нүкте қойылды десек орынды. Өйткені аудан тұрғындары бірауыздан қолдады. Әсіресе, бастамаға үн қосқан жастарға, мәслихат депутаттарының жұмысына риза болдым. Тарихи, саяси тұрғыдан алып қарағанда, ауданға Бейімбет Майлин есімінің берілуі дұрыс. Жазушының 125 жылдық мерейтойын айтпағанның өзінде, қазақ халқына сіңірген еңбегіне баға жетпейді», – деді облыстық ономастикалық комиссияның мүшесі Қалқаман Жақып. Оның сөзінше, енді тиісті құжаттар дайындалып, ұсыныс республикалық ономастикалық комиссияда қаралады. Аудан атауын ресми түрде өзгерту үшін 4-5 ай уақыт қажет.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің Зырян ауданына барған сапары кезінде  аудандық мәслихат депутаттары мен жергілікті қауымдастық өкілдерімен кездесуінде ауданды Алтай деп атау туралы ұсыныс талқыға салынды.

«Зырянды Алтай деп атау барлық жағынан да келіп тұр. Зырянның тұрған жері Алтай екені рас. Алтай – сан түрлі халықтың шыққан жері, атажұрты. Сол себепті біз қандай киелі жерде тұрып жатқанымызды ешқашан ұмытпауымыз керек. Бұл ең алдымен тарихымызға тағзым. Аудан атын өзгерту экономикалық тұрғыдан да тиімді болары сөзсіз. Неге десеңіз, Алтай – брендтік атау. Бұл өңірге туристерді көптеп тартуға мүмкіндік береді», – деді аймақ басшысы.

Аудандық мәслихат депутаты Лариса Гречушникова 27 тамызда Зырян ауданының әкімі Нұржан Тоқсейітовке жергілікті қауымдастық өкілдері ауданды дамыту және қала мен аудан атын өзгерту жөнінде ұсыныс жібергенін жеткізді. «Бұл ұсынысты депутаттар корпусы қолдап отыр. Қазір кездесулер ұйымдастырылып, қоғамдық пікірлер зерттелуде, 28 қыркүйекте «Горняк» мәдениет үйінде қоғамдық тыңдау өтеді», – деген-ді ол. Депутаттар жаңа атау ауданның жаңа брендін қалыптастырып, инвестиция тартуға, экономиканы дамытуға тың серпін беретініне сенімді. «Бородино» шаруа қожалығының басшысы Қайрат Бөкежанов Зырян ауданының табиғаты тамаша болғанымен, әзірге туризмді өркендетуге толық жағдай жасалмай отырғанын, жаңа атау осы саланың аяғынан қаз тұруына септесетінін атап өтті. «Жастар да бұл идеяны құптап отыр. Біз Алтай қаласында, Алтай ауданында тұрғымыз келеді», – дейді аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Майина Лисовцова.

Осылайша, облыс әкімі де, аудандық мәслихат депутаттары мен жергілікті қоғамдық ұйым мүшелері де Зырян ауданы мен қаласын Алтай деп атау ұсынысын бірауыздан қолдады. «Қаламызға да, ауданға да тың серпін керек. Сол серпіннің рухани жаңғырудан басталғаны қуантады. «Алтай» дейтін әлемдік брендті экономикамыздың дамуына пайдаланбау күнә дер едім. Осы  қаланың өркендеуіне үлес қосып, өндіріс қазанында құрыштай қайнаған аға буын бұл өзгерісті құптайтынын мәлімдегім келеді», – дейді Зырян аудандық қоғамдық және ардагерлер кеңесінің төрайымы Элла Гейгер.

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

«Тақиялы періштеге» Баталов қандай сый-құрмет көрсетті?

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов ардагер, белгілі актер Әлімғазы Райымбековті қабылдап, 85...

Таулы Қарабақтағы соғыс: Әзербайжанда Жеңіс күні жарияланды

Әзербайжанда Таулы Қарабақтағы соғыстың аяқталуына байланысты Жеңіс күні жарияланды. Бұл мереке жыл...

Биыл 120 мың жамбылдық көгілдір отынға қол жеткізеді

Жамбыл облысында мемлекеттік бағдарламалар аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қарқынды дамуда. Мәселен,...

Қазақстандық пияздың 75 пайызы Жамбыл облысында өсіріледі

Ағымдағы жылдың 10 айында Жамбыл облысының шаруалары 332,6 миллиард теңгенің өнімін өндірді....

Ел экономикасын тәуелсіздікке жетелеген реформа

Қазақстан экономикалық тәуелсіздігін 1993 жылы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық валютаны айналымға енгізу туралы Жарлық...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...