Биыл жаңа онкологиялық орталықтың құрылысы басталады

Сондай-ақ!

Қай партия Парламент Мәжілісінің сайлауына қатыспайды

Бүгін Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының съезі өтті. Жиын барысында партияның алдағы Парламент Мәжілісі мен мәслихат сайлауына қатыспайтыны туралы шешім қабылданды. Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның съезінің күн тәртібінде...

Өз үйінде газдан уланып, көз жұмды

Таразда пешті пайдалану ережесін бұзған ер адам иіс тиіп көз жұмды, – деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті. 1965 жылы туған азаматтың мәйітін туыстары...

Көпбалалы аналарға қандай несие жеңілдіктері бар?

Алматыда көпбалалы аналарға екінші деңгейлі банк өкілдері несие берудегі түйіткілді мәселелерді түсіндірді. Шара «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының қолдауымен «Бақытты отбасы» партиялық жобасы...

Дипломмен ауылға: баспанаға қалай қол жеткізуге болады?

Ауылды жерге жұмыс істеуге барған мамандардың тұрғын үй сатып немесе салып алуына бюджеттік несие беру - «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясындағы мемлекеттік қолдау шараларының бірі. Ауыл...

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов қазақстандықтардың өмір сапасын көтеруге бағытталған шаралар жөнінде айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрғындардың өмір сапасын көтеру тапсырмасы аясында 22 шара қарастырылған. Білім беру саласында мектепке дейінгі, орта және жоғары білім сапасын көтеру шаралары көзделген. Мұғалімдер мен білім беру саласындағы мамандарды ынталандыру үшін келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданады. Денсаулық сақтау саласында медициналық қызмет көрсету сапасы жақсарады. Биыл Астанада жаңа Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысы басталады, орталық ең заманауи құралдармен жабдықталады», – деді Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында.

Сонымен бірге, министр халықты сапасыз және қауіпті тауарлардан, қызметтерден қорғау үшін Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитеті құрылатынын хабарлады.

«Үшінші тапсырма – өмір сүруге қолайлы орта жасау аясында еліміздің барлық елді мекенінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту жұмыстары жүргізіледі. 2030 жылға дейінгі елдегі аумақтық-кеңістіктің дамуына арналған болжамдық кесте жасалады. Ол үшін келесі жылы 2025 жылға дейінгі өңірлерді дамыту бағдарламасы қабылданады», – деп өз сөзін толықтырды Т. Сүлейменов.

Министр көліктік инфрақұрылым мен коммуналдық тұрғын үй құрылысы үшін «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың 2025 жылға дейін созылатынын еске салды.

«Құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіру мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша Жол картасы қабылданады. Жол картасы халықпен жұмыс істеудің, қоғамдық қауіпсіздікті бақылау жүйесін қамтудың жаңа форматын қарастырады. Сот жүйесін жаңғырту жұмыстары да жалғасады», – деді Т. Сүлейменов.

Редакция таңдауы

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Бокстан Иран ұлттық құрамасындағы қазақ: Олимпиадаға қазақ елінің атынан қатысқым келеді

Бала кезінен 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновке еліктеп өскен қандасымыз Абдулхаким Бектұр бокстан Иран ұлттық құрамасының белді мүшесі. Бүгінде Иранның негізгі құрамасында...

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

Ата-аналардан мектепке ақша жинатқан білім басшылары жазаланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан...

Қай партия Парламент Мәжілісінің сайлауына қатыспайды

Бүгін Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының съезі өтті. Жиын барысында партияның алдағы Парламент Мәжілісі...

Өз үйінде газдан уланып, көз жұмды

Таразда пешті пайдалану ережесін бұзған ер адам иіс тиіп көз жұмды, –...

Көпбалалы аналарға қандай несие жеңілдіктері бар?

Алматыда көпбалалы аналарға екінші деңгейлі банк өкілдері несие берудегі түйіткілді мәселелерді түсіндірді....

Дипломмен ауылға: баспанаға қалай қол жеткізуге болады?

Ауылды жерге жұмыс істеуге барған мамандардың тұрғын үй сатып немесе салып алуына...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...