FASHION-ИНДУСТРИЯСЫ - АСТАНАДА  

FASHION-ИНДУСТРИЯСЫ - АСТАНАДА  

FASHION-ИНДУСТРИЯСЫ - АСТАНАДА  
ашық дереккөзі
«Russian Fashion brands» – Ресей елінде көпшілікке жақсы таныс. Енді Қазақстанмен де іскерлік байланысты кеңейтуді ойлап, «ЭКСПО» Конгресс-орталығында тұсаукесер көрмесін өткізді. Бұл күні ресейлік fashion индустриясының 40-қа жуық кәсіпорындары сәнді киім түрлері мен аксессуарларды, тоқыма бұйым топтамаларын астаналықтардың назарына ұсынды. Зиянды өндірістерде қолданылатын арнайы киім мен  аяқ киім түрлерін жеке топ таныстырды. Сәнді көрсетілімдер Астанаға келген ресейлік өндірушілердің мүмкіндіктері мен тауар түрлерін кеңінен және жан-жақты таныстыруға мүмкіндік берді.  Олар қазақстандық шағын және орта бизнес өкілдерімен тікелей байланыс орнатуға, жаңа сенімді жеткізушілерді табуға және  нарыққа ұсынылатын өнім түрлерін кеңейтуге мүдделі. Ресей тарапынан Іскерлік миссияның ұйымдастырушысы – Ресейлік Экспорт орталығы мемлекеттік институты. Іскерлік іс-шараға Қазақстан тарапынан Астана әкімдігі, Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы және «Астана Конвеншн Бюросы» ЖШС мемлекеттік қолдау көрсетті. Өз елдерінде шағын және орта бизнесті қолдауға және дамытуға ерекше көңіл бөлетін Ресей мен Қазақстанның мемлекеттік құрылымдары мұндай іс-шаралар жеңіл өнеркәсіп саласындағы екіжақты сауда қарым-қатынастарын дамытудың ықпалды механизмі болатынына сенім білдірді. Қазақстандық тұтынушылар сәнді және сапалы тауарларды қосымша таңдау мүмкіндігін ала отырып, маңызды артықшылықтарға  ие болды. Russian Fashion Brands іскерлік іс-шарасы кезінде жасалған жаңа өзара тиімді келісімшарттар Қазақстан мен Ресейдегі шағын және орта бизнес өкілдерінің ынтымақтастығының артуына жол ашады.