«ОТБАСЫ КҮНІНЕ» АРНАЛДЫ

«ОТБАСЫ КҮНІНЕ» АРНАЛДЫ

«ОТБАСЫ КҮНІНЕ» АРНАЛДЫ
ашық дереккөзі
Өткен аптада Қазақстан Республикасының орталық музейі «АБДИ» компаниясымен бірлесе отырып «Отбасы күніне» орай «Отбасымен музейге!» фестивалін өткізді. Мерекелік шара бағдарламасында: викториналық сұрақтар, байқаулар, шеберлік-сағаттар, музей мамандарының ел тарихы, мәдениеті туралы тақырыптық сабақтары мен экскурсиялары жүргізіледі. «Отбасымен музейге!» фестиваліне балалар клубы, шығармашылық академиялар, білім беру орталықтары, бейнелеу студиялары, суретшілер, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері, музыкалық ұжымдар атсалысты. Фестивальдің концерттік бағдарламасында Дәрібаевтар отбасылық ансамблі, «TRIBAL PRO» этноұжымы (көркемдік жетекші Елена Ким), «Айбын» балалар би ұжымы (көркемдік жетекші А.Құмарова), Гук отбасылық ұжымы қатысып, өнер көрсетті. Бұл күні музейде «Қазақстанның флора және фаунасы» (музейдің қор коллекциясынан), «Жанданған мұра» (музей қорындағы қайта қалпына келтірілген экспонаттар); «Орталық Азия келбеті» (суретші Гюзель Закированың туындылары) атты көрмелер келушілердің назарына ұсынылды. Фестиваль аясында барлық келушілер арасында ел, қала тарихы туралы викториналық ойындар мен байқаулар өтті. Іс-шараға келушілерге арнап, қолөнер түрлері бойынша Қазақстанның белгілі қол­өнер шеберлері шеберлік сабақтарын өткізді. Сонымен бірге, Орал Таңсықбаев атындағы Алматы қалалық сәндік-қолданбалы өнер колледжі студенттері мен оқытушылары зергерлік бұйымдар, ағаш өңдеу, тоқыма өнері, т.б. қолөнер түрлерінен шеберлік сабақтарын өткізді.